Алаш қозғалысын зерделеген

0
127

Алматы қаласындағы Ғылым ордасында таяуда «1917 жылғы революциялар: 100 жылдан кейін Қазақстан мен Ресейдің көзқарастары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында ресейлік, қазақстандық ЖОО мен ғылыми ұйымдарындағы ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелері мен нәтижелері баяндалды.
– Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З. Кабульдинов: «1917 жылғы революцияның тарихи-мәдени, саяси контекстері әлі толық зерттеліп біткен жоқ. Бұл революция бір ғана ұлттың емес, бүкіл әлемнің тарихи жолына зор әсер еткені белгілі. Дәл осы сәтте Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қоластында болғаны, қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырылғаны, көктүрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық, түгелдей империялық бұғауға түскені, біздерге тарихтан белгілі. Қазақ қоғамының осы бір қасіретін халықтың озық ойлы, көзі ашық өкілдері аңғара бастады. Олар халықты саяси күрес додасына бастап шықты. Бұлар Алаш өкілдері болатын. Алаш қозғалысы тек Қазақ жеріндегі емес, бүкіл Орта Азиядағы халық мүддесі үшін күрескен алғашқы саяси тұлғалар», – деген құнды ойымен бөлісті.
Алқалы жиында сөз алған елге белгілі ғалымдар да Алаш қозғалысы мен революция тарихынан өзекті де өткір тарихи ойларын ортаға салды. Сонымен қатар қазақстандық және ресейлік ғалымдар мен қонақтарға 1917 жылғы революция және Алаш автаномиясына арналған ғылыми әдебиеттер көрмесі көрсетілді. Сондай-ақ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры З. Кабульдиновтың «История Казахстана (XVIII в. – 1914 г.)» кітабының тұсаукесері өтті.

Малика МОРЯКОВА

Жауап қалдыру