7 кандидатқа 7 сұрақ

0
275

Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталғанын хабарлады. Үміткерлер енді үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп, сайлауалды бағдарламаларын ұсынатыны мәлім. Осы орайда көрнекті экономист, академик Оразалы Сәбден тіркеуден өткен жеті кандидатқа ел үшін маңызды мәселелер қамтылған жеті сұрағын жолдап отыр.
1. Еліміздегі асқынған қоғамдық дерттердің бірі – сыбайлыс жемқорлықты (Давос экономикалық форумының дерегінше, әлемде 102 орын) жеңуде, әсіресе бюджет қаржысына қол салуды тоқтатуда қандай батыл іс-шаралар қолданасыз?
2. Қазақстанда жаңа идеологияны қалыптастыру үшін бүкіл халыққа ортақ құндылық ретінде нені ұсынар едіңіз? Қасаң тартқан сананы қалай өзгертеміз?
3. Соңғы 28 жылда тұралап қалған ауылды қалай көтересіз? Еліміздегі 3 миллионнан аса жұмыссыздықты тез арада қалай жоясыз?
4. Өте өзекті болып тұрған жер мен тіл тағдырын қалай шешесіз?
5. Құлдыраған ғылымға, сапасыз және тәрбиесіз білімге, сын көтермейтін денсаулық саласына қалай серпіліс береміз?
6. Орта тапты қалай тез арада қалыптастырамыз? Шағын және орта кәсіпте өте үлкен мүмкіндігімізді қалай пайдаланамыз? Шағын кә­сіпті елге нәсіп ете аламыз ба?
7. Мемлекетті басқару жүйесін түбегейлі өзгертесіз бе, жоқ әлде осы жолмен жүре береміз бе? Парламенттік республикаға көшуге көзқарасыңыз қандай?
Президенттікке үміт­кер­лер үнсіз қалмай, қойылған сауал­дарға жауап береді деген үміттеміз. Мәселеге қатысты академиктің өз жауабы мен тығырықтан шығу жолының нұсқасы даяр.

Жауап қалдыру