60 мың зейнеткерге – материалдық көмек

0
212

Жыл сайын 1-қазанда Қазақ­станда Халықаралық қарт­тар күні аталып өтеді. Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­лама­лар басқармасының хабар­лауынша, елорданың 58 мың зейнеткеріне (ең төмен мөл­шердегі зейнетақы алушылардан басқа) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлады қалалық әкім­діктің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, 1-қазанда Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралады. Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас берілді.
Бұдан бөлек, 1-қазанда Қарт­тар мен мүгедектерге ар­нал­­ған медициналық-әлеу­­мет­тік мекемеде 270 зейнет­керге шипажайлық-курорт­тық емделу қызметі көрсетілді. Сон­дай-ақ, Қарттар күніне орай­­ластырған бір­қа­тар спорт­тық шаралар ұйым­дас­ты­­рылды. Бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халық ойындарынан шағын орталықтарда жарыстар өткізілді.
Қазанның 1 күні «Жастар» сарайының киноконцерттік за­лында, сағат 19.00-де елор­даның ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтті.

Жауап қалдыру