200 мың салымшы сыйақы алды

0
31

2018 жылдың қорытындысы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» хол­дингінің еншілес ұйымы) 1 038 869 салымшысына мем­лекет сыйлықақысы төленді. Қаржылық ұйым клиенттерінің шотына жалпы алғанда 28,6 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы банк салымшыларына төленген қаражаттан 5,6 млрд теңгеге артық.
Мемлекет сыйлықақысын төлеуге арналған соманың ұлғаюы банк клиенттері са­нының өсуіне байланысты болып отыр. Мәселен, өткен жылы 20% көлеміндегі сый­лықақы 896 620 адамға берілген еді.
Ал, 96 200 теңгені құрай­тын ең жоғарғы мемлекет сыйлықақысын 202 900 банк клиенті алды. Яғни, аталған азаматтар 2018 жылы шоттарына кемінде 481 000 теңгені немесе 200 айлық есептік көрсеткішті құрайтын қаражат сомасын жинаған. Депозитінде бұдан да үлкен қаражат сомасын жинаған клиенттер сыйлықақы төлен­беген жинақ сомасы бойынша мемлекеттік бонусты 2019 жылдың нәтижесінде ала­тын болады.
– Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкі – тұрғын үй құры­лыс жинақ жүйе­сін жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз банк. Заң бойынша бұл жүйеге қатысушыларға арнап мемлекет жыл сайын сыйлықақы төлейді. Аталған бонус қазақстандықтардың өз баспанасын сатып алулары үшін тезірек қаражат жинақтап, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік береді. Қолжетімді шарттар бойынша пәтер немесе үй сатып алу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысуға ниет білдірушілер саны жыл­дан жылға артуда. 2018 жыл­дың қоры­тындысы бо­йын­ша мемлекет 1 миллионнан астам қазақ­стандықтың жи­нақ сомасын көбейтуге көме­гін тигізді. Салыстыра кетер болсақ, осыдан үш жыл бұрын мемлекет сыйлықақысы бұдан екі есе аз адамға, яғни, 537 мың салымшыға төленген болатын, – деп атап өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләз­зат Ибрагимова.
2019 жылдың қоры­тын­дысы бойынша мемлекет сыйлықақысы берілетін ең жоғарғы салым сомасы – 505 000 теңге (200 АЕК). Осыған сәйкес, максимал мемлекет сыйлықақысы 101 000 теңгені құрайды. Жыл қорытындысы бойынша атал­ған соманы алу үшін банк салымшыларына ай сайын депозиттеріне орта есеппен 42 000 теңгеден салып отыру керек.
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозиті банк сый­ақысы мен мемлекет сый­лық­ақысының арқа­сын­да ең табысты салым­дардың бірі болып саналады. Депозит бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 13%-ға дейін барады.

https://hcsbk.kz/

Жауап қалдыру