18 миллионыншы тұрғын баспаналы болды

0
27

Талдықорғанда Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің 18 миллионыншы тұрғыны баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кішкентай Мүслима Самат­қызының ата-анасына Алматы облысының әкімі Амандық Баталов 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Ұлт­тық экономика министр­лігі­нің Статистика жөніндегі коми­тетінің мәліметі бойынша, 2017 жылдың 11 мамырында Қазақстан Республикасы халқы­ның саны 18 млн-ға жетті. Есеп бойынша Талдықорған қала­сында туған Мүслима Самат­қызы 18 миллионыншы тұрғын атанған болатын. Несібелі нәресте отбасының екінші баласы. Сәбидің анасы Диана Омарханова 1991 жылы туған, қаладағы № 16 мектепте дефектолог маман болса, әкесі Бестібаев Самат 1982 жылы туған, № 5 мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.
Сондай-ақ, бүгін  Талды­қор­ғанда 18 миллионыншы тұр­ғыннан өзге 118 отбасы баспаналы болды.  Салтанатты жиында 64 және 55 пәтерлік екі үй пайдалануға берілді. Біріншісі тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған, екіншісі – коммуналдық баспана.

Жауап қалдыру