Жас қаламгерлер жинағы шықты

0
290

Ғ. Сланов атындағы Аты­рау облыстық ғылыми әмбебап кітапханада өңір­дегі жас ақын-жазушы­лардың «Алаужыр» атты ан­тологиясының тұ­сау­кесер рәсімі өтті. Жинақ Аты­рау облысы әкім­дігінің қол­дауымен, облыс­тық мәде­ниет, мұра­ғат­тар жә­не құжат­тама бас­қа­р­масы­ның тап­сы­ры­сымен жарық­қа шықты. Бұл кітап­қа аты­раулық жас ақын-жазу­шы­лар, «Фа­риза жұл­дыз­дары» клубы мүше­лері­нің өлең­дері мен әңгі­мелері ен­гізілген.
Поэзия мен проза әле­міне қанат қаққан жас та­лант­тардың алғашқы жи­­на­­­ғына Атырау облы­сы­ның Құрметті аза­маты, қо­­ғам қайраткері Мәдина Ғаб­­дысәлімқызы мен ар­дагер журналист Төлеген Жаңабайұлы ақ батасын бе­­ріп, тұсаукесер рәсімін өткізді.
Өлкетанушы Өтепберген Әлім­гереев, ақын Жеңіс Арон­ұлы, ҚР Мәдениет қай­рат­кері Абат Кен­жеғалиұлы кітап­тың ішінде қам­тылған ақын-жазу­шылардың туын­дыларына жо­ғары баға беріп, сәт-сапар тіледі.
Мемлекет және қоғам қай­рат­кері Рәшиля Мүр­са­лие­ва талантты жас­тардың туын­дыларын оқи отырып, жас­тық шағында оқыған Фариза Оңғарсынованың кітап­тарын әкеліп, оқырман қауыммен таныстырды.
Сөз соңында кітапхана бас­шысы Сара Ізмұ­хамбе­това оқырман қауым­ның құт­ха­насы саналатын кітап­хананың төрінде қа­зақ әде­биетімен қатар әлем әде­биетінің жауһар туын­дыла­ры қамтылғанын айта келе, барша көрерменді кітап оқу арқылы жан дүниемізді ру­ха­ни байытуға шақырды.

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ.
Атырау қаласы

Жауап қалдыру