ТАРИХТАН СЫР ШЕРТЕТІН КІТАПТАР

0
211

Алматыдағы «Рух БГ» баспасынан жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың «Тауарих-тамшылар» және «Тұлғалар түзген тауарих» атты екі кітабы жарыққа шықты.
«Тауарих-тамшылар» жи­на­ғы­нан оқырман қазақ хал­қының қалыптасу және этностық атауы­мен мемле­кеттігін құру тарихы, бір орталық­танды­рылған күш­ті хандық жасақтауға тал­пын­ған әрекеті, сондай-ақ отар­лану кезеңдері, патшалық тұ­сын­да­ғы азаттық аңсаған көтері­ліс­тер, кеңестік дәуірдегі ұлт­тық-мемлекеттік межелеу шын­дықтары, тоталитарлық кезең­нің қылмысы және алаштық идея­ның өміршеңдігі  жайында автордың әр жылдары жазып, мерзімдік баспасөз беттерінде жариялаған зерттеу мақалалары  мен берген  сұхбаттарының  бі­ра­зымен таныса алады.
«Тұлғалар түзген тауарих» жинағындағы  қазақ тарихында елеулі орны бар Мақаш әкім, Балуан Шолақ, ұлт-азат­тық қоз­ғалысқа қатысқан Шәй­ке молда, ұлт көсемі Әли­хан Бө­кейхан, кеңес заманын­дағы мем­лекет, ғылым, өнер қайрат­керлері Жұмабек Тәшенов, Рамазан Сүлейменов, Сауық Тәкежанов, Ахмет Жұбанов секілді бел­гілі тұлғалар, Байсейіт және Дінмұхамед Әділовтер, Хансұл­тан Сүйінішәлин тәрізді  саяси репрессия құрбандары,  сон­дай-ақ  тоталитаризм дәуі­рін­де орын алған саяси қуғын-сүргін та­биғаты, басталғанына биыл 80 жыл толған «үлкен террор», оның қасіретті салдарлары тура­лы зерттеу мақалалар еліміздің күр­делі шежіресінің маңызды беттерін құрайды.
Ұзақ жылдарға созылған отар­­­лық заманнан соң қазақтың ел­дігін тұңғыш жаңғыртқан Алаш­­орданың 100 жылдығына орай жарық көріп отырған бұл кітаптар зерттеушілерге, та­рих­­­шыларға, студенттер мен оқу­­­шыларға, барлық Отан та­ри­­­­­хымен әуестенетіндерге, көп­­шілік қауымға арналып отыр. Кітап­тар туралы деректерді  мы­на телефондардан білуге болады: (8 727)  374  8342,  8 701 746 3301.

Гүлнұр СӘЛІМБАЙ,
«Президент және Халық».

Жауап қалдыру