Шығыстанудағы құнды туынды

0
313

Таяуда «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті универ­си­те­тінің бастамасымен 50 мың сөз­ден тұратын «Арабша-қа­зақ­ша» сөздік басылып шықты. Бұл оқиға еліміздің шығыстану ғы­лы­мына, оның ішінде арабтану са­ласы үшін орасан жаңалық болды.
Сөздікті шығаруда университет проректоры филология ғы­лымдарының докторы, про­фес­сор Шамшәдин Керім мыр­заның еңбегі орасан. Ғалым осы игі бастаманы көтеріп, білікті араб­танушылардың басын қосып, еңбектің жарыққа шығуына мұ­рын­дық болды. Жаңа сөздікті жа­сауға 4-5 жылдай уақыт кетті. Оны құрас­тыруға А. Махат, Ж. Жүсіп­бек, О. Шаяхметов, Р. Мұхит­динов, Қ. Қыдырбаев, Д. Есен­жан, Ы. Палтөре секілді білікті мамандар атсалысса, ре­дак­­тор­лық жұ­мыстарын профессор Ш.Ке­рім, Г.Имашева, А.Дәде­баев­­тар атқарды.
Сөздікті құрастыру барысында кеңес заманының арабтанушы ғалы­­мы Х. Баранов жа­саған ауқым­ды «Арабша-орысша» сөз­­дігі негізге алын­ған. Алайда, «Араб­ша-қазақша» сөздік Х. Баранов еңбегінің тікелей аудармасы емес екенін баса айтқымыз келеді. Өйткені, жұмыс бары­сында басқа да сөздіктер назар­ға алынды: арабтардың өз­дері жасаған еңбектер, түрлі ел­дер­дің шығыстанушылары әзір­леген сөздіктері. Бірақ ең тиімді әрі қолайлы, ең ұтымды сол Х. Барановтың сөздігі болса да, ол Кеңес одағы кезінде жа­зыл­ғандықтан, онда идео­логияға қатысты да түрлі тіркес­тер және Кеңес одағына ғана қатыс­ты жағрапиялық атаулар кез­де­седі. Сондықтан, соның бар­лы­­­ғын ескере отырып, қазіргі Қазақстан жағдайына сай сөз­дікке толықтырулар енгізілді. Яғни Кеңес үкіметіне тән сөз тір­­кес­терін алып тастап, орнына қазіргі таңда әлемде, оның ішінде Қазақстан мен араб елдері ара­сында түрлі салаларда халықаралық және диплома­тиялық қарым-қатынастарда қол­да­натын сөз­дермен, сөз тіркес­терімен алмастырылды. Х. Барановтың сөздігінде шамамен 42 мыңға жуық сөз болса, жаңа арабша-қазақша сөздік 50 мың сөзді қамтиды. Яғни, бұл – жаңадан 7-8 мың сөз қосылды деген сөз.
Бұл сөздік – исламтану, дінтану ғылымдарының дамуына, ислам діні төңірегінде бой көрсетіп жатқан қауіп-қатерлермен күре­суде өз септігін тигізеді деген үміт­теміз.

Самал ТӨЛЕУБАЕВА,
филология ғылымдарының докторы,
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
шығыстану кафедрасының профессоры

Жауап қалдыру