Бір тақырыпқа екі көзқарас

0
90

Дариға не дейді?

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламент пен Үкіметтің қызметі мемлекеттік тілде жүргізілуге тиіс деген тапсырмасынан кейінгі Үкіметтің, Парламенттің отырыстары негізінен қазақ тілінде өткені белгілі. Тек сенаттың халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың атына орыс тілінде депутаттық сауал жолдады. Журналистердің сауалына сенатор депутатттық сауалын орыс тілінде жасауының себебін төмендегідей түсіндірді
«Русский язык никто не отменял. И я сделала запрос на том языке, на котором мне было удобно. Мы все стараемся выполнять поручение Президента. Я считаю, что нельзя перебарщивать в этих вопросах. Межнациональное согласие и дружбу никто не отменял. Языки, которые работают на территории нашей страны, в том числе действуют в госорганах, сегодня утверждены в Конституции страны, – сказала Дарига Назарбаева в кулуарах пленарного заседания Сената.

Депутат не дейді?

Сәрсенбі күнгі парламент отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың қазақшасы сынға түсті. Парламент отырысы барысында ұлты орыс, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевқа қазақ тілінде сұрақ қойған болатын. Бас банкирдің мардымсыз жауабы оның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің төмендігін көрсетті.
Геннадий Шиповскихдің қа­зақ тіліндегі «Құрметті Да­нияр Талғатұлы, қазіргі уа­қытта көлік құралдары ие­ле­рінің азаматтық-құқық­тық жауапкершілігі бо­йын­ша сақтандыру полю­сі 1 жылға жасалады. Неліктен сақ­тандыру полю­сі сақ­тан­дырудың жалпы қол­дану мерзімі толық өткен­ше, яғни бір жылға немесе сақ­тан­дырудың бар­лық со­масы біткенше жарамды бол­майды?» деген сауалына Данияр Ақышев «Қазіргі уақытта бұл мәселені халықаралық тәжірибені ес­кере отырып, қарастырып отырмыз. Жол апаты болған жағдайда кінәлі тұлғаны сот анықтайды», – деп мүлде басқа жауап қатты. Мұнысы «бас десе – құлақ» деген тәрізді болып шықты.

Редакциялық көзқарас

Иә, сенатор Дариға Назарбаева тап осылай: «Орыс тілін ешкім алып тастаған жоқ. Мен өзіме ыңғайлы тілде сөйледім», – дейді. Іс жүзінде орыс тіліне Конституцияда ешқандай мәртебе берілмеген. Орыс тілін Ата заңымыз бойынша тек мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қолдануға болады. Парламент – мемлекеттік ұйым емес, ол мемлекеттік орган. Мем­лекеттік органда «өзіне ыңғайлы тілде» емес мемлекеттік тілде сөйлеу міндет. «Ел аумағындағы және мемлекеттік органдардағы тілдер Конституциямен бекітілген» деген мәлімдемесінде де жаңсақтық бар. Конституцияда мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілден өзге басқа тілдерді қолдану жөнінде ешқандай норма қарастырылмаған. Бұған керісінше ұлты орыс, Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповскихтің Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышевқа қазақ тілінде сұрақ қойғаны өте орынды шықты. Сонда екеуінің қайсысын мемле­кетшіл тұлға деп айта ала­мыз?

Жауап қалдыру