«Өзгенің әйелі қыздай, біздің әйел мұздай» болуын қаламасаңыз…

0
20

Бір адам жеке басының мәселесіне шешім таба алмай, дал болып, үлкен бір ұстазға келіп:
– Ұстаз! Әйелімді алғаш көргенімде өз-өзіме «Аллаһ Тағала бұл әлемде одан асқан сұлуды жаратпапты» дедім. Онымен сөз бай­ласып, некемді қи­ғаннан кейін әйелім секілді қан­ша­ма қызды көрдім. Ал үй­лен­геннен кейін одан да сұлуларды байқай баста­дым. Арадан біраз жыл өтті. Бір қарасам, әйел біткеннің бәрі менің әйелімнен әдемі боп шықты, – дейді. Сонда әлгі ұстаз:
– Балам! Саған бұдан да сорақысын айтайын ба? – деді. Әлгі де:
– Айтыңызшы…
– Сен әлемдегі барлық әйелмен үйленген уақы­тыңда көзіңе көшедегі қаң­­ғыбас иттің сол әйел­де­ріңнен сұлу болып кө­рінеді.
– Неге олай дейсіз?
– Себебі, проблема әйе­ліңде емес. Негізгі проб­лема мынада: Адамда қанағатсыз нәпсі, харамға қараған көз, Аллаһ Таға­ладан ұялмайтын жүрек болады. Мұндай жанның көзін тек топырақ қана той­дырады. Балам! Сенің проблемаң харамға көз жұм­бауыңда жатыр. Әйе­ліңнің бұрынғыдай кө­зіңе сұлу болып көрінгенін әрі әлемде одан асқан әдемі әйел болмағанын қа­лайсың ба?
– Әлбетте!
– Ендеше көзіңді ха­рамнан сақта! Үнемі Ал­лаһ Тағаладан дұға етіп, әйелді саған сұлу етіп көрсетуін және сені оның ма­хаб­батымен сусын­датуын сұ­рау­ды ұмытпа! Нәп­сіңді қа­на­ғатсыздықтан, көзіңді ха­рам­нан сақтасаң әрі Аллаһ Тағаладан шы­найы ұялсаң, әйелің әлем­дегі ең сұлу жан болмақ! – деп жауап береді.
***
Сонда ғана «өзгенің әйелі қыздай, біздің әйел мұздай» болудан қалады.

Сұлтан КЕРІМ
http://kazislam.kz

Жауап қалдыру