Ақырзаман белгілері

0
375

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сонау 1400 жыл бұрын былай деп айтып кеткен:
* Адамдардың басына сондай бір уақыт келеді, олардың пайыз жемегені қалмайды, жемесе де шаңы оларға жұғады. Пайыз – сауда, пара – сыйлық деп айтылады. Адал-арам ұмытылады, «ақша болса болды, қалай келсе де бәрібір» деп айтылады.
* Қөптеген адамдар аз бір дүниелік нәрсе үшін дінін сатады.
* Қабірлер әшекейленеді, Құран пайда әкелетін табыс көзіне айналады.
* Құраннан тек қана суреті, Исламнан тек қана аты, мұсыл­манның тек қана тәні қалады.
* Үш нәрсе өте сирек кездесетін болады: адал ақша, амал ететін сүннет, шынайы дос.
* Дүние істеріне мән беріліп, ақырет ұмытылады. Аллаһ таға­ланың кітабымен үкім беру ұят саналады.
* Зәулім және көріністі ғима­раттар жасалады.
* Өтірік куәгерлер және ажырасулар көбейеді, аяқ астынан болған өлімдер де өте көп болады.
* Ағайындармен қарым-қаты­нас үзіледі, сәлем тек қана танығандарға беріледі.
* Адамдардың көбісі мақтаныш үшін қажылыққа барады.
* Үлкендер мейірімсіз, кішкентайлар көргенсіз болады. Балаларды тәрбиелеу қасқырды үйретуден де қиын болады.
* Уақыт қысқарады. Бір жыл бір айдай, бір ай бір аптадай, бір апта бір күндей өте шығады. Бір күннің өтуі бір жапырақтың жанғанындай тез болады. Еш нәрседе береке болмайды.
* Жақсылықтар мен жаңбырлар азаяды, зілзала мен селдер кө­бейеді.
* Еркектер өздерін әйелдерге, әйелдер еркектерге ұқсатады.
* Өсек-аяң жайылады.

Жауап қалдыру