Қымбатшылық – 2,5 пайыз

0
119

2016 жылдың қаңтар-ақпанында Қазақстан Республикасында инфляция 2,5 пайызды құрады. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Статистика мәліметтеріне қа­ра­ғанда, баға азық-түлік тауар­ларына ағымдағы жылғы екі айда 2,7 пайыз, азық-түлік емес тауарларына – 1,8 пайыз, ақылы қызметтерге – 2,8 пайызға өсті. Ал ағымдағы жыл­­дың басынан бағаның өсуі жаңа жиналған көкөністерге 8,7 пайыз, қантқа – 8,5 пайыз, қара шайға – 6,2 пайыз, нанға – 5,8 пайыз, жұмыртқаға – 5,4 пайыз­ды құрады. Сонымен қатар, жаңа жиналған жемістерге баға 5,3 пайызға, күнбағыс майы 5 пайызға, жармаларға, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға 3,9 пайыздан, макарон өнімдеріне 3,6 пайыз, құс етіне – 2,9 пайызға өскен.
Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 7,3 пайыз, тұрмыстық бұйымдарға 3,5 пайыз, шыны және қыштан жасалған өнім­дерге 3,1 пайыз, тоқыма бұйым­дарына – 2,7 пайыз, жуғыш жә­не тазалағыш құралдарға, же­ке қолданатын тауарларға – 2,5 пайыздан, автомобильдерге – 2,3 пайызды құрады. Сонымен бір мезгілде баға бензинге 0,8 пайыз, дизель отынына 0,3 пайызға төмендеді.
Тұрғын үй-коммуналдық қыз­меттер саласында тарифтер кәрізге 9,4 пайыз, орталықтан жылытуға – 7 пайыз, ыстық суға – 6,3 пайыз, қоқыс шығаруға –5,2 пайызға, электр энер­гиясына, суық суға 4,4 пайыз­дан, тарату желілері арқылы та­сымалданатын газға 4,2 па­йызға жоғарылады.

Жауап қалдыру