Уран өндіру көлемі артады

0
46

2015 жылдың қорытындысы бойынша «Қазатомөнеркәсіп» уран өндіру көлемін аздап арттырады. Бұл туралы кеше Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ-ның трансформациясы: проб­лемалар мен оларды іске асыру жолдары» атты «Эксперт» клубының отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ядролық-отын циклі жөніндегі басқарушы директоры Сергей Полторацкий мәлім етті.
Компанияда уран өндіру келісімшарттық міндеттеме­лермен регламенттелгеніне тоқ­талған ол: «Шарттарға сәйкес, біз осы міндеттерімізді орындаймыз. 2015 жылдың қоры­тындысы бойынша Қазақстанда уран өндіруде аздап өсім болады. Өткен жылы бізде ол 22 827 тоннаны құраса, биыл 23 мың тоннаға жуық. Кеніштер өздерінің жоспарлы өндіру көлеміне шығып отыр», – деді.
Сонымен қатар ол жиын барысында Қазақстан әлемдік нарыққа 35-40 пайыз көлемінде қажетті уран шығарып отыр­ғандығын атап өтті. Еліміздегі уран қоры шамамен 80-100 жылға жететін көрінеді.

Жауап қалдыру