Шенеуніктердің кірісі жарияланады

0
21

2020 жылдан бастап Қазақстанда кірістер мен шығыстардың жалпыортақ декларациялану тәртібі іске асады. Саясаткерлердің, депутат­тардың, су­дья­лардың және өзге де мемле­кеттік қыз­мет­керлердің есебі ашық түрде жа­рияланбақ. Оларды мемлекеттік орган­ның сайтында «жалпыортақ көрсе­тілімге» қояды.
– 2020 жылдан бастап азаматтардың жеке категориясы – мемлекеттік қызметкерлер мен депутат­тар 250-ші жаңа фор­маны толтырып, оны жалпыға жария етеді деп жоспарлануда. Олардың декларациялары әртүрлі ашық ақпарат көздерінде берілетін болады – деп xабарлайды қаржы жө­ніндегі вице-министр Рус­лан Ең­се­баев.
– Ақпараттар ашық түрде арнайы және жалпы үкіметтің веб-сайттарында беріледі. Бұл функцияны біз мемлекеттік органдардың кадрлық қызметіне жүктедік, – дей­ді Мемлекеттік кіріс комитеті төраға орынба­сарының міндетін ат­қа­рушы Талғат Мамаев.
Жаңа тәртіпке сай сая­си мемлекеттік қыз­мет­керлер, «А» корпу­сына жататын әкімшілік қызметкерлер, сот қазы­лары, парламент депутаттары, мемлекеттің шектеулі қатысы бар мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілерінің есебі жарияланбақ.

Шынар Төлеухан

Жауап қалдыру