Мемлекеттік кірістер: алдымызда ірі істер

0
184

Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің салық жүйесін әлемдік тәжірибеге сай сәйкестендіру, оның айқындылығын қамтамасыз ету, салықтарды әкімшілендірудің тиімділігі мен қарапайымдылығын сақтауды тапсырған болатын. Осы мақсаттарды жүзеге асыру барысында Алматы облысы, Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық жүйесін электрондық қызметке көшіру жұмыстарын тиімді жүргізіп келеді.
Тәуелсіз еліміздің шешуші міндеттерінің бірі салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу. Әсіресе, 2020 жылға дейін шегерілген, жалпыға ортақ декларациялау қарсаңында арнаулы салық режимін жаңаша қарастыру ке­ректігі аса маңызды мә­селе. Өйткені осы режимді қол­­да­натын шағын және орта бизнес зор әлеуметтік рөлді ат­қарып қана қоймай, сонымен қатар бюджетке елеулі салық түсімдерінің түсуін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар қолданыстағы салық жеңілдіктерін жетілдіру және салықтық әкімшілік­тен­діру тетіктерін дамыту қажеттігі назардан тыс қалмады.
Бүгінге дейін Елбасымыздың ел дамуы үшін бекітілген бес институтционалдық реформаны жүзеге асыру үшін «100 нақты қадам жоспарындағы нақты іс-шаралар қолға алынып, жан-жақты іске асырылып жатыр. Салық саласына бағытталған 37-ден 45-ке дейін қай қадамын алып қарасаңыз да ел дамуы үшін маңызы зор.
Атап айтсақ, салық және кеден қызметінің сапасын жоғарылату мақсатында кеден рәсімдерін неғұрлым оңтайландыру, яғни экспорттық және импорттық кеден рәсімдерінен өту кезінде «Жалқы терезе» қағидатын енгізу, тауарларды кеденді таза­лауға автоматтандырылған жү­­йені енгізу, экспорт және им­порт үшін құжаттар санын және оларды өңдеу уақытын қыс­қарту. Бұл шаралардың өзі біріншіден халыққа кезек күт­тірмесе, екіншіден, сыбай­лас­тыққа, жемқорлыққа жол бер­мейді.
Кеден және салық жүйелерін интеграциялау мәселесі де кө­терілген. Ол дегеніміз тауар салық салу мақсатында Қазақ­стан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады.
Жалпы кез келген тәуелсіз мемлекеттің алға қойған мақсаты мен жоспары болмаса, ол елдің болашағын елестетудің өзі қиын-ақ. Ендеше біздің міндетіміз, бүгінгі жағдайда әлемдегі экономиканың тұрақ­сыз­дығына қарамастан, бюд­жетті дұрыс жоспарлап, тү­сім­дер көлемін еселеу, сол арқылы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арт­тыру болып табылады.
Салық есептілігін ақпа­раттық-коммуникациялық желі бойынша электронды түрде тап­сыру жүйесі мемлекеттік кірістер органдарымен ұсы­ныл­­ған және салық тө­леу­шілер мен мемлекеттік кіріс­тер органдары арасында се­німді екі жақты ақпаратпен алмасуды қамтатамыз ете отырып, олардың өзара қарым-қатынасында сапалы жаңа сатыны ашты.
Салық есептілігін электронды түрде ұсыну жағдайында «Уақыт – ақша» нақыш сөзі 100 пайызға расталады. Оған қоса, бизнес жүргізудің заманауи шарттары уақытты үнемдеуге мәжбүрлейді. Есептілікті ғаламтор арқылы ұсыну – салық төлеушілер үшін де, мемлекеттік кірістер органдары үшін де екі жақты тиімді шешім болып табылады.
Салық төлеушілер саны жыл сайын өсуде. Оларға сапалы, жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсету керек. Ал электрондық құжат алмасу осы өзара қарым-қатынасты түбегейлі жақсартуға қосымша мүмкіндіктер қарас­тыруға көмектеседі. Салық төлеушінің электрондық құжат алмасу жүйесіне қатысуы оған барлық соңғы өзгерістерді біліп отыруға, механикалық қателіктерді болдырмауға жә­не есептілікті кез-келген уа­қытта жіберуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ресми сайт арқылы өзінің «Салық төлеушінің кабинетіне» кіру арқылы салықтар мен алымдар бо­­йынша өзінің дербес шот­тарының жағда­йын тек­серуге, төлем құжат­тарын құру және өз салық міндет­теме­лерін орындауға мүмкіндік береді.
Салық есептілігін электронды түрде ұсынудың артықшылығы туралы баспасөз беттерінде біраз уақыттан бері жазылып, айтылуда. Электронды есеп беруді енгізудің мақсаты – шешім қабылдау және салықты әкімшілендіру процестерінен адами факторды барынша жою арқылы салық төлеушілер мен салық салушылар арасын­дағы қарым-қатынастың айқын­ды­ғын қамтамасыз ету. Элект­рон­дық есеп беруді енгізудегі басты нәтиже – бұл заң нор­маларын сақтау.
Электронды түрде есеп бе­рудің шүбәсіз артықшы­лығына төлеушілердің тәжірибе жүзінде көздері жетті.
Ақпараттық-ком­муни­ка­ция­лық желі бойынша салық есеп­тілігін электронды түрде ұсыну жүйесіне қосылу салық төлеушіге бірқатар маңызды артықшылықтарды береді:
Жұмыс уақытын, сонымен қатар есеп беру бланкілерін сатып алуға ақша қаражатын үнемдейді.
Мемлекеттік кірістер орга­нына келу қажеттілігі бол­майды, салық есептілігін тәуліктің кез-келген уақытында, аптаның кез-келген күнінде, салық төлеуші үшін кез-келген ыңғайлы уақытта, соның ішінде мереке және демалыс күндері кеңседен (үйден) шықпастан жіберуге болады.
Қосарланудың болмауы.
Ақпараттық-коммуни­ка­ция­лық желі бойынша салық есеп­тілігін электронды түрде ұсыну осы құжаттардың қағаз жүзінде қосарлануын қажет етпейді.
Қателіктерді болдырмау.
Шығыс бақылау құралын қол­дану арқылы ақпаратты құру кезінде салық төлеушіге есеп­тілік нысандардың өріс­терін дұрыс толтырылуын бақылау, салық есептілігінің дұрыс тол­тырылуын тексеруге және автоматты түрде есептеу мүм­кіндігі бар «автоесеп» ре­жимін қолдану арқылы оны үлгідегі формат бойынша да­йындау және құру мүмкіндігі ұсы­нылады. Бұл ретте, толтырылып отырған нысан нұсқасының өзекті болуы тексеріледі және ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша мемлекеттік кірістер органына электронды түрде жолданған есептілік кіріс бақылауынан өтіп, дербес шоттарға таратылады.
Электронды түрде ұсы­ны­латын ақпарат үлгі­сінің қол­ма-қол жаңаруына кепілдеме.
Салық декларациясы, бух­гал­терлік есеп беру, басқа да құ­жаттардың нысандары өзгерген не­месе есептілік нысан­дарының жаңа түрі енгізілген жағ­дайда, салық төлеуші ақ­парат ұсынудың белгіленген мерзіміне дейін оны электронды түрде ұсыну үлгісінің жаңа нұсқасын автоматты түрде алу мүмкіндігіне ие болады.
Ақпарат алу мүмкіндігі.
Салық төлеуші ақпаратты мемлекеттік кірістер органына ақпараттық-коммуникациялық желі бойынша электронды түрде жібере отырып, бюджет ал­дындағы міндеттемелерінің орындалуы туралы ақпараттық көшірмені (салықтар бойынша деректер) алу, өз дербес шоттарын көру, бюджет есептерінің жағдайы туралы дербес шоттың көшірмесін алу  мүмкіндіктеріне ие болады.
Жедел ақпараттандыру.
Салық төлеуші мемлекеттік кірістер органдарынан элект­рондық пошта арқылы салық заңнамасындағы өзгерістер ту­ралы мәліметтерді, бюджеттік шот­тардағы, нормативтік акті­лерлердігі және т.б. өзгерістер сияқты көпшілікке қол жетімді ақпараттар алу мүмкіндігіне ие болады.
Есептіліктің жеткі­зілген­дігін растау.
Ақпаратты мемлекеттік кі­рістер органына жібергеннен кейін салық төлеушіге оның жет­кізілгендігін растайтын, дау­лы жағдайларда заңды күші бар құжатты алуға кепілдеме бе­ріледі.
Құпиялық.
Ақпараттық-комму­ника­ция­лық желі бойынша салық есептілігін электронды түрде ұсыну жүйесі ақпаратты крип­тог­рафиялық қорғау құрал­дарын қолдану арқылы қор­ғауды болжайды. Осылайша, жол­данған құжаттардағы ақ­парат, рұқсатсыз қарау мен түзе­тулерден қорғалған.
Уақыт үнемділігі мен жайлылық – есептілікті электронды түрде тапсырудың негізгі артықшылығы.
Электрондық қызмет көр­сету мемлекеттік кірістер орган­дарының салық төлеушілермен бай­ланысын азайтады, адами фактордың ықпалын төмен­детеді, салық төлеуші үшін де, иелік субъектілерінің есеп­тіліктеріндегі деректерді енгізу үшін аз уақыт жұмсайтын мем­лекеттік кірістер органдарының қызметкерлері үшін де қолайлы жағдай туғызады.
Жалпы, мұның бәрі халықтың бақуатты өмір сүруі үшін жасалып жатқан шаралар екенін түсінуіміз қажет. Тұрғындардың әл-ауқаты артып, еңсесі тік көтерілгенде ғана Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қа­тарына, яғни алдыңғы «отыз­дық­қа» қосыла алады. Ал, бұл мақсатқа жету үшін еліміз Үшін­ші жаңғыруды еңсеруі тиіс. Алдағы кезде замана кө­ші­нен қалғысы келмеген әр­бір мем­лекет салық жүйесін ре­фор­малауы тиіс.

Есболат  ИГЕНБАЕВ,
Райымбек ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер
басқармасының басшысы.

Жауап қалдыру