Ұлттық қорға 1,3 трлн теңге түсті

0
56

Ұлттық қорға 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында 1,3 трлн теңгеден астам қаржы түсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың сәй­ке­сін­ше кезеңімен салыс­тыр­ғанда (1 трлн тенге) бұл көрсеткіш 31,6% артты.
Түсімдердің басым бө­лігі Атырау облысына тиесілі – 687,4 млрд теңге. Екінші орында Батыс Қа­зақстан облысы– 272,7 млрд теңге және үздік үштікке Манғыстау облысы – 224,3 млрд теңгемен енді.
Бұдан басқа, Қызы­лор­да облысы 87,6 млрд теңге салық жинаса, Ақ­төбе олысы – 60,7 млрд теңге, Астана – 31,2 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы – 3,9 млрд теңге, Алматы – 3,3 млрд теңге аударды.
Өз кезегінде, Шығыс Қазақстан облысынан 2,7 млрд теңге, Ақтөбе облысынан – 100,6 млн теңге, Жамбыл облысынан – 7,8 млн теңге, Ақмола облысынан – 5,3 млн теңге түсті.
Қарағанды облысы Ұлт­тық қорға 4,2 млн теңге, Солтүстік Қазақ­стан облысы – 2,2 млн теңге, Павлодар облысы – 165 мың теңге аударды.
Ал, Қостанай облысынан төлемдер мүлдем түс­пеген.

Жауап қалдыру