Ұлттық экономика министрі Ерболат ДОСАЕВ: Индустриалдық жобалар ел ертеңіне қызмет етеді

0
147

ҚР Президенті Нұрсұлтан На­зарбаевтың Қазақстан хал­қы­на ар­наған «Нұрлы жол – бо­ла­шақ­қа бастар жол» Жол­дауын­да бір­қатар ірі ин­дус­триал­дық жобаларды жүзеге асыру нысана етіл­ген болатын. Әрі бұл құ­жат­та ондай маңызды ны­сан­дар­ды қар­жыландырудың қа­жет­ті кө­лем­дері мен көздері нақ­ты­лан­ған-ды.
Жолдауда ең алдымен «Ұлт­тық индустриялық мұнай-хи­мия тех­но­паркі» мен «Қор­ғас-Шы­ғыс қақпасы» арнайы эко­но­ми­ка­лық аймақтары ин­фра­құ­ры­лым­дарының құ­ры­лы­сын аяқ­тау қа­жет­тігі атап өтіл­ген болатын.
Ұлттық индустриялық мұ­най-химия технопаркі» арнайы эко­номикалық ай­мақ ин­фра­құ­ры­лымының құры­лы­сын аяқ­тау үшін 2015 жылы 68,5 млрд теңге бө­лінетін болды. Бұл жан-жақты есептелген, екшеуден өт­кі­зіл­ген мөлшер. Ол аса күр­де­лі нысанды дер кезінде аяқ­тау­ға мүм­кін­дік береді.
«Ұлттық индустриялық мұ­най-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының ин­фра­құрылымын аяқтау өнер­кә­сіп­тің әртүрлі секторларында ке­ңі­нен пайдаланылатын экс­порт­қа бағытталған полимерлі өнімдерді шығару, құрылыс кезеңінде 20 мыңнан астам жұмыс орнын және пайдалану кезеңінде 1,5 мыңға жуық тұрақты жұмыс орнын ашу үшін 1,5 триллион теңгеге жуық инвестиция тартуға мүмкіндік бе­реді.
Сонымен бірге, «Қор­ғас–Шы­ғыс қақ­пасы» арнайы эко­но­ми­ка­лық ай­мағын «Же­тіген – Қорғас» те­мір жолымен, «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» автомобиль дә­лі­зі­мен тех­но­ло­гиялық байланыста құ­ру қыс­қа мерзімде Еуропа мен Азия­ға қолжетімділікті қам­та­масыз ететін қуатты индус­трия­лық-логистикалық хабты құ­ру­ға мүмкіндік береді, бұл Қа­зақ­станның өңірде іскер, сауда жә­не логистикалық хаб ретінде қалыптасуында үлкен маңызы бар.
Нақтыланған деректер бойынша айтсақ, «Қорғас–Шы­ғыс қақ­па­сы» арнайы эко­но­ми­ка­лық ай­ма­ғы инфрақұры­лы­мы­ның құ­ры­лысын аяқтау үшін 2015 жылы 12,5 млрд. теңге бөлінетін болады. 2014 жылы осы мақ­сат­тар­ға Ұлттық қордан 24,5 млрд. тең­ге бөлінген болатын.
«Қорғас–Шығыс қақпасы» ар­найы экономикалық ай­ма­ғы ин­фра­құрылымының құ­ры­лы­сын аяқтау Қорғас ар­қы­лы тауар айналымының көлемін 8 есеге ұл­ғайтуға мүмкіндік бе­ре­ді, бұл өз кезегінде жүк тасымалдауды жылына 4 млн. тон­на­ға дейін ұлғайтады. Нә­ти­же­сін­де 150 млрд. теңге жеке инвестициялар тартылатын болады және 20 мың­ға дейін жұ­мыс орны ашылады.
Алдында хабарлағандай Мемлекет басшысы Қазақстан хал­қы­на «Нұрлы жол – болашақ­қа бастар жол» Жолдауында ҚР эко­номикасы даму қарқынын ын­таландыру үшін 2015, 2016, 2017 жылдары Ұлттық қордан жыл сайын 3 млрд доллар бө­луді тапсырған болатын. Ме­нің­ше, бұл дер кезінде қолға алын­ған шара. Ол ықтимал дағ­да­рыс салд­арынан еліміздің эко­но­ми­ка­лық әлеуетін қорғауды мақсат етеді.

Жауап қалдыру