«Көлегейлі экономиканың» жолы қиылуда

0
130

Бүгінгі таңда ел экономикасына едәуір көлемде залал келтіретін қылмыстардың ішінде алдыңғы орында жалған кәсіпкерлік – «көлегейлі экономика» тақырыбы тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәулет Ақылбеков баяндады.
Оның сөзіне жүгінсек, облыс шеңберінде жалған кәсіпкерлік бойынша 266 қылмыс тірекеліп, оның 178-і сотқа жөнелтілген. Ал, үстіміздегі жылдың бірін­­ші жартыжылдығында 411 эко­номикалық қылмыс анық­талып, оның 239-ы сотқа жол­данған. Бюджеттік сала бойынша 75 заң бұзушылық орын алып, оның 58-і мемлекет­тік сатып алу бойынша тіркел­ген.
Облыста қолдан алкогольдік өнім жасау, оларды заңсыз ай­на­лымға шығару оқиғасы да тыйылмай тұрған сыңайлы. Бұл бағытта 40 қылмыстық іс тір­келіп, заңсыз спирттік тауар­лар жасап келген 5 астыртын цех әшкереленген.
Заңсыз ойын бизнесімен айна­лысып келген бірқатар кәсіп­керге де тұсау салынды. Нәти­жесінде 91 қымыстық іс тіркеліп, «көлегейлі» айна­лымнан 52 лотереялық терминал, 46 ойын автоматы тәркіленген.
Жалпы, Алматы облыстық мем­лекеттік кірістер депар­таменті экономикалық тергеу қыз­метінің ағымдағы жылғы 6 айындағы есебіне сүйенер бол­сақ, соңына нүкте қойылған қыл­мыстық істер бойынша анық­талған залал көлемі 5,2 млрд. теңгені құрайды. Оның 2,5 млрд. теңгесі өндірілген. Сон­дай-ақ 1,1 млрд. теңгеге ба­ға­ланған мүліктерге шектеу қо­йылған.

Ғалым ЖАЗЫЛБЕКОВ,
Алматы облысы

Жауап қалдыру