Көлегейлі ақша қай салада көп?

0
160

Саясаттанушы Марат Шибутовтың пікірінше, Қазақстандағы ең ірі көлегейлі экономика Оңтүстік Қазақстан мен Шымкентте, – деп жазады 365info.kz.
Бұл тұжырымды саясат­танушы Талғат Қалиев тү­сіндіруге тырысты.
– Оңтүстік Қазақстанда ел халқының айтарлықтай үлесі тұратынын ескеру қажет. Егер әрбір азаматқа белгілі бір қаражат тиесілі деп бол­жасақ, олардың концентрациясы осы аймақта көп болады. Ол жақта тазалаушы қызметі үшін де пара беру керек, деп Президенттің өзі де айтқан болатын. Ал сыбайлас жемқорлық – бұл көлегейлі экономиканың ма­ңызды бөлігі.
Жалпы, оның ішінде конверттерде берілетін жалақы, кәсіпкерлік қызметке патенті жоқ сантехникті үйге шақыру да кіреді.
Жалпы алғанда, есепке алынбаған және салық салын­баған барлық қаражат жатады. Көлегейлі экономика қар­жы ағындарының үлкен транзитімен ғана байланысты болуы міндетті емес, – дейді ол.
Экономист Магбат Спанов Қазақстанның оңтүстігін бұлай сынаумен келіспейді.
– Бұл пікір өңірде шағын және орта бизнестің дамуына және жұмыссыздық белең алуына байланысты негізделген. Жалпы алғанда, бұл ең тығыз қоныстанған аймақ. 2000 жылдың басында мен осы мәселелерді егжей-тег­жейлі зерделедім және кө­ле­­гейлі экономика әсіресе өсіп келе жатқан өңірлер мен са­лалар­ды атап өттім.
Шымкентте құқықбұзушы­лық­тар негізінен фармацевтика, уран өндіру және халық тұтынатын тауарларды да­йындаумен байланыс­ты. Бі­рақ, менің ойымша, кө­ле­гейлі сектордың ең көп шоғырлануы Қорғаста. Сон­­дықтан Алматы және Жам­был облыстары бұл құбы­лысқа аса бейім. Сонымен қатар, Қордай шекара бекеті де бар, – дейді сарапшы.
Жалпы, Спановтың айтуынша, Қазақстанның кө­ле­гейлі секторы көбінесе оффшор­лармен байланысты. ҚР Еу­ропадағы басты серіктесі Нидерланды екені бұған дәйек бола алады. Мұнай секторында негізінен басқа елдерден инвесторлар тартылған.
– Үлкен көлегейлі схемалар бізде мемлекеттік сатып алулармен байланысты және олардың көбі Астанада өтеді. Жалпы, менің ойымша, Қа­зақстандағы көлегейлі сектор проблемасы айтарлықтай елеулі және біздің экономи­камыздың даму дең­гейіне кері әсер етеді. Есеп­­теулер бойынша 2001 жылдан бастап 2017 жылдар аралы­ғында көле­гейлі сектордың деңгейі 19%-дан 30%-ға дейін өзгерді. Егер ЖІӨ $150 млрд болса, 30% – бұл шамамен $50 млрд, – дейді ол.
Магбат Спанов жекешелен­діру көлегейлі сектордың үле­сін арттырады деп бол­жайды.
– Оны қысқарту үшін эко­номикалық шешімдер қа­былдауда, жекешелендіруде, мемлекеттік сатып алуларда, жұмыс орындарын құруда ашықтық қажет.
Бұдан да күшейтілген әлеу­­меттік саясат қажет – әкімдердің жұмыс орындарын құруы. Бірақ бұл да сы­бай­лас жемқорлыққа айналып кете ме деп қорқамын, өйткені әрбір жұмыс орнының өз құны бар, – деп есептейді экономист.
Оның болжамы бойынша, 2020 жылдан кейін жалпы декларациялауды енгізгеннен кейін көлегейлі сектор күрт қысқарады.

Анар МҰСТАФИНА

Жауап қалдыру