Индустриалды аймақтың жобалары мығым

0
82

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен өмірге келген Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы ел экономикасының дамуында шешуші рөл атқарып келе жатқаны белгілі. Бағдарлама қолға алынған 5 жыл ішінде Қазақстанда мүлде өндірілмеген 400 жаңа өнім түрі игерілген. Индустриялық бағдарлама аясында 628 миллиард теңгенің өнімі экспортталып, жұмысшылары білікті, еңбекақысы лайықты, мүлде жаңа деңгейдегі 75 мың жаңа жұмыс орны ашылған. Бұл ретте Ақтөбе облысындағы атқарылып жатқан игілікті істерді айтуға болады.

Бұл туралы жуырда өткен облыс әкімі Архимед Мұха­мбе­тов өзі қатысып, өткізген алқа мә­жі­лісінде жан-жақты сөз болды. Жалпы үдемелі ин­дус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дар­ла­масының бірінші бес­жыл­ды­ғы шең­берінде Индустрия­ландыру картасына өңірде құны 660,2 миллиард теңге болатын 83 жоба еніп, 11 мыңға жуық жұ­мыс орны ашылған. Оның ішінде 547,4 миллиард теңгеге 75 жоба іске қосылып, 6,6 мың жұ­мыс орны құрылды. Сондай-ақ, өткен жылы жалпы құны 220,9 миллиард теңге болатын се­гіз жоба жүзеге асып, 1,4 мың жұ­мыс орны ашылды. Атап өтер болсақ, олар – Ақтөбе рельс-арқалық зауыты, «СНПС-Ақ­тө­бе­мұ­най­газ» АҚ үшінші Жаңа­жол газ өңдеу зауытының 2–3 ке­зеңі, «Ақтөбе-Жылыжай» ЖШС кешені, «Казтеплоэнергомонтаж» серіктестігінің фитингтер, бұрмалау бұйымдар өндірісі, «Неохим» ЖШС-ның әктас өндіру зауыты, «Жан­Ами и К» серіктестігінің жанар-жағармай шығаратын хи­мия­лық өнімдер мен мотор майын шығаратын шағын зауыты, «Южпромснаб» ЖШС-ның мұнай қоймасы, «Пригородный» ЖШС-ның көкөніс қой­масы нысандарын айтуға болады.

Өткен 2014 жылдың жел­тоқ­сан айында Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаев жал­пы­ұлт­тық те­ле­көпір кезінде ҮИИД бағ­дар­ла­ма­сының бірінші ке­зе­ңін қорытындылап, ке­ле­сі ке­зе­ңін­де атқарылатын ша­руа­ларға тоқталған болатын. Осы телекөпірде осы өңір­де 15 кәсіпорын іске қосылды. Оның ішінде Ақтөбе рельс-ар­қа­лық зауытының тұсауы ке­сіл­ді. Зауыт құрылысын салу ке­зін­де 500 жұмыс орны ашылып, жұмысшылар­дың бір бө­лі­гі Ресей, Беларусь ел­дері­нен ша­қыр­тыл­ған. Өндіріс қол­да­ныс­қа берілген кезде мұн­да 1000-ға жуық адам еңбекпен қам­тыл­мақ.

Жалпы өңір басшылы­ғы «2015-2019 жылдарға арнал­ған ин­дус­триялық-инновация­лық даму бағдарламасының екін­ші бес­жыл­дығы» атты бағдарлама бел­гілеп, жаңа өндірістік техно­ло­гияларды пайдалану арқы­лы жо­ға­ры өнімділігі бар ірі ин­вес­ти­ция­лық жобалар жүзе­ге асыруды мақсат еткен. Мәселен, осы бағдарламаға сәйкес өңір­дің Мұғалжар ауданына қа­рас­ты «Юбилейное» кен орнында құрамында алтыны бар руданы қайта өңдеу, байыту кешені салынады. Құны 36,2 миллиард теңге болатын кешен жылына 7,2 тонна доре қорыт­па­сын­да­ғы алтын өндіреді және кешен іске қо­сыл­ғанда 1200 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «Chilisai Chemicals» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 45 миллиард теңге болатын жоғары сапалы МАФ/ДАФ күрделі минералды тыңайтқыштар өнді­рісін іске қосады. Өндіріс жылына 830 мың тонна өнім шығарады, екі мың жұмыс орны ашылады. Ал «Қазхром» ТҰК» АҚ құны 110 миллион АҚШ доллары болатын, қуаттылығы 46 МВтқа жететін электр станциясының құрылысын іске асырады. Бұдан бөлек жылына 460 мың тонна жоғары көміртекті ферро­хром өндіретін бесінші цехтың құрылысын бастайды. ҮИИД бағ­дарламасының екінші бес­жыл­дығында жүзеге асатын, құны 24,1 миллиард теңге болатын жобаның бірі – Қарғалы ауданындағы темір рудалы концентрат шығаратын фабрика мен Велиховка темір рудалы кен орны. «Ақтөбе темір ВС» серіктестігі бұл кен орындарын іске қосқанда жылына бір миллион тонна темір өндіріледі және 700 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС алдағы бесжылдықта құны 50,4 миллиард теңге, қуаттылығы 533 мың тонна болатын Электр болат балқыту зауытын салады. Сонымен бірге өндірісті өз электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін қуаттылығы 150 МВт болатын электр станциясы салынбақ. Бұл жобаның құ­ны — 30 миллиард теңгеге бол­жан­ған. Сонымен бірге ҮИИД бағдарламасы аясында «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС түсті металл шығаратын кен орындарын игеруді кешенді түрде жүр­гізбек. Бұрында Көктау жә­не Приорск кен орындарында тау-кен байыту комбинаты іске қосылған болса, енді алдағы екі-үш жылдықта жалпы инвестиция көлемі 400 миллион АҚШ долларын құрайтын «Весенне — Аралчинское» жә­не «Құндызды», «Лиманное» кен орындарын игеру жоспарланып отыр. «Ақтөбе мыс компаниясы» – Қазақ­стан мен Ресей се­рік­тестігінің бір кө­рі­ні­сі іс­пет­тес. Аталған мекеме өн­ді­ріс­ті әрі қарай дамыту мақ­са­тында заманауи тех­ноло­гия­лар негі­зінде мыс бал­қы­ту зауытын салуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде жоба­ның экономикалық тиімді­лі­гін арттырады. Жоба іске қосыл­ған кез­де шикізат қоры артып, өн­діріс орнының ұзақ жыл­дар­ға ар­нал­ған жоспарын нық­тай түседі. Шығарылған өнім Ресей, Қы­тай және басқа да ел­дер­дің на­ры­ғына бағытталады. Сол сияқ­ты ұзақ жылдардан бері иге­ріл­мей тұрған Қар­ға­лы ау­да­нын­да­ғы никель өнді­рі­сі қай­та жанданады. «Қаз­цинк» ЖШС Кемпір­сай никель кен орнында зауыт салады. Сондай-ақ, қа­зір­гі таңда «Батыс Калий» ЖШС қытай­лық «Sino-Agri Mining Investment Co LTD» компаниясымен бірлесе Ақ­тө­бе қа­ласы маңындағы Жилянск кен орнында минералды ты­ңайыт­қыштар өндіретін зауыт құ­ры­лы­сын салып жатыр. Зауыт іс­ке қо­сыл­ған­да жылына бес миллион тоннаға дейін өнім шы­ға­ра­ды. Жалпы осы шара­лар­дың бәрі бұл өңірде химия­лық кластердің дамуына мүм­кін­дік береді.

Өңірдегі «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС-сы «Weckenman» не­міс компаниясының технологиясы бойынша, бағасы 2,2 миллиард теңге болатын қа­зір­гі за­ман­ғы үй салу комбина­ты­ның құры­лысын бастады.

Мемлекет басшысы ұста­нып отыр­ған индустриялық-инно­ва­ция­лық саясаттың басты мақ­саты — бәсекеге қабі­лет­ті тиім­ді ұлт­тық өнер­кәсіп­ті және жо­ғары технологиялар ин­дус­трия­сын қалыптастыру, осы бағытта кәсіпкерге жағдай жасау болатын. Экономиканың бәсе­ке­ге қа­бі­летті болуы — ши­кі­зат­тық емес секторды дамыта отырып, ин­но­ва­ция­лық про­цес­терге бет бұру еке­ні белгілі. Бұл ретте Ақтөбе қа­ла­сының аума­ғы­нан 200 гектар жер бөлініп, бұл жерге 15 өндірістік нысан орналастыру көзделген. Оның ішін­де кө­лік-логис­тика­лық, химия, мұ­най-газ, құ­ры­лыс, кө­лік саласын да­мы­ту­ға қа­тыс­ты өн­ді­ріс орындары бар. Ны­сан­ның құ­ры­лы­сы­на рес­пуб­ли­ка­лық және жергілікті бюджеттен 8 миллиард теңге бөлінеді деп кү­ті­луде. Алдағы шілде айынан бастап, сыртқы инфрақұрылым­ды дұрыстау жұмыстары жүр­гі­зі­леді. Индустриал­дық ай­мақ­қа отандық және шетелдік инвес­торлар тартыламақ. Осын­дай бағалы бастама­ның жал­ға­сын­дай өңірдің Алға ауданында да индустриал­дық ай­мақ құ­ру жо­ба­сы­ның тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­калық не­гіз­де­ме­сі әзір­ле­ніп жатыр. Бұл ауданнан 100 гектар жер бөлі­неді. Егер атал­ған жобалар жүзеге асса, өңір­дің әлеу­мет­тік, эконо­мика­лық дең­гейі кө­те­рі­ліп, дами түс­пек­ші.

Түйіндей айтқанда, Ақ­тө­бе облысы еліміздегі аса ма­ңыз­ды индустриалды аймақтар­дың бі­рі ретінде ерекшеленеді. Бү­гін­гі күн­ге дейінгі атқарылып жат­қан жұ­мыс­тарға көз жібере отырып, ин­дустриалды өңірдің игі­лік­ті іс­те­рі­нің жалғасын таба бе­ре­ті­ні байқалады.

Әзірлеген:

Шайыр БАЙЫНҚОЛ

Жауап қалдыру