Экономикалық даму қарқыны баяулайды

0
232

Қолданбалы экономиканы макроболжамға қолдануды зерттеу орталығының 2016 жылға арналған кезекті баяндамасында биылғы экономикалық ахуалға болжам жасалып, ықтималды қатерлер сараланған болатын.
«Сәуірдің 1-інен бастап мұнайдың бағасы 12 пайызға артты, қаңтардың ортасынан бері өсім 68 пайызға тең болды. Егер «қара алтынның» өсімі жалғасып, Brent маркасы баррелінің бағасы 50 доллар деңгейіне жетсе, АҚШ долларының бағамы 292,05 теңгені құрайтын болады. Бұл Қазақстан үшін ең жақсы сценарий болар еді «Мұнай­дың әлемдік бағасы 45 АҚШ долларына жеткеніне қарамастан, бұл деңгей орташа мерзімдік трендті құрайды деуге негіз жоқ», – дейді зерттеу орталығының мамандары.
Экономистер мұнай баға­сының төмен болатын­дығын айтуда. Өйткені «Қытай эконо­микасында өсімнің төмендеуіне теңгерімді қайта қарау, нарығы қалыптасып жатқан кейбір ірі мемлекеттерде шиеленіс пен биржалық тауарлар бағасының төмендеуі байқалады. Болжау­шылардың айтуына қарағанда, бұл еліміздің 2016-2017 жыл­дар­дағы өркендеуіне жағым­сыз әсер етеді.
Экономиканың ағымдағы ахуалын сараптаған мамандар дамудың базалық, оптимистік және пессимистік нұсқаларын қарастыруда. Алайда олардың үшеуінде де сарапшылар сауда индексінің құлдырауын, өндіріс пен құрылыстың мардымсыз өсімін болжап отыр. Сәйкесінше, болашақ­та инвес­тицияның өсуіне жетеле­мейді, ендеше, экономи­каның көтерілуіне де әсер етпейді.
Өйткені базалық мөлшер­лемелер несиенің құнына тіке­лей әсер етеді. Мөлшерлеме төмен болса, несие де арзан болады. Жоғары мөлшерлеме – ұлттық экономиканы тұсайды. Ұлттық банктің таяз саясатының тағы бір салдары жалпы ішкі өнімнің нашарлауына душар етеді.
Базалық нұсқа жағдайында ЖІӨ-нің нақты шамадағы өсімі 0,4 пайызды құрайды деп болжауға болады. ЖІӨ-нің нашарлауын болжау өнер­кәсіптегі құлдыраудың салдарынан орын алуда. Базалық сценарийде доллар бағамы 350,12 шамасына белгіленген болатын.
Пессимистік сценарий жағ­дайында мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 20 доллар болады деген есеппен алынған. Мұндай сценарий жүзеге асса, экономика өсімі болмайды деп болжалануда. 2015 жылмен салыстырғанда инфляция 8,2 пайызды құрайды.
Өткен жылдың тиісті мерзі­мімен салыстырғанда 2016 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруа­шылығында 4,1 және құрылыста 2,8 пайыз көлемінде өсім болады деп күтілуде.
Мамырда 1 АҚШ долларын айырбастау бағамы 406,03 теңгені құрайтын болады, халықтың нақты табысы 6,9 пайызға артады, тұтыну бағаларының өсімі 18,5 пайызға тең болады. Инвестициялар базалық сценарий шеңберін­дегіден едәуір артық қысқарады.
Оптимистік сценарий нұсқасы бойынша орташа мұнай баррелінің бағасы 50 долларды құрайды. Мұнай бағасы осындай болған жағдайда, 2015 жылмен салыстырғанда ЖІӨ 0,3 пайызға жетеді деп күтілуде. Өнеркәсіптегі өсім 1,8, құрылыста 7,3 пайыз деңгейін құрамақ. Алайда бұл сценарий саудаға соншалықты жақсы болмайды, ол 2015 жылмен салыстырғанда 6 пайызға төмендейді. Алдағы жылдармен салыстырғанда инфляция 3,7 пайыз болады.

Жауап қалдыру