Басты міндет — инвесторлар тарту

0
32

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес институционалдық реформа. Нақты 100 қадам» Ұлттық бағдарламасына қатысты Ақтөбе облысында біраз шаралар жүзеге асырылуда. Әсіресе, өңірде индустриялық-инновациялық бағытта дамытуда іл­герілеушілік байқалады.
Индустриалдық аймақтың жалпы алаңы 200 га құрайды. Аймақтың инфрақұрылым құрылысы 2014 жылдың маусымында басталған. Құрылыс инвестициясының жалпы сомасы 5,5 млрд. теңге құрайды. Өткен жылы индустриалдық аймақтың сыртқы және ішкі инженерлік жүйесі құрылысына 3,0 млн. теңге бөлініп, игерілді. 2015 жылы 1,9 млрд. теңге бөлініп, осы жылдың 10 айы ішінде 1,7 млрд. теңгесі игерілді, бұл — есепті кезең жоспарының 97,6 пайызы.
Қазіргі кезде индустриалдық аймақтың аумағын көркейту жұмыстары және су, газ жүргізу, электрмен жабдықтау, автомобиль және теміржол тарту, ағын су кәрізін, телефон жүргізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Әкімшілік-тұрмыстық кешен ғимараты салынды.
Индустриалдық аймақ аума­ғында 10-ға жуық ірі және орташа зауыттар, 30-дан астам шағын зауыттар орналастырылып, мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады, деп күтілуде.
Қазіргі кезде бизнес нысандарынан 31,5 млрд. теңге құрайтын 5 тапсырыс түсті, оның ішінде «Ұлан компаниясы», «Спецтехника», «МР Ойл Газ Энерджи Инвестмент LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің тапсырыстары мақұлданды.
Сондай-ақ, биылғы жылы жалпы құны 9,4 миллиард теңге болатын 8 кәсіпорын іске қосылады, соның арқасында 700 жұмыс орны ашылмақшы. Оның үшеуі қазірдің өзінде жұмыс істей бастады. Мысалы, «Жаңа Әлжан» ұн комбинатында макарон фабрикасы іске қосылды, «Көктас» компаниясы силикат кірпіші өндірісін жолға қойды. Желтоқсан айындағы телекөпір аясында заманауи ет өңдейтін комбинатты пайдалануға беруді жоспарланған.
Жалпы индустрияландыру картасы аясындағы екінші бес жылдықта жалпы құны 247 миллиард теңге тұратын 20 инвестициялық жоба жүзе­ге аспақ. Бұл өндірілген өнім көлемін 1,4 есеге, өңдеу секторының өнімін 1,5 есеге өсі­­реді деп межеленген.
Демек, жоғарыдағы атқарыл­ған жұмыстарға қарап Ақтөбе облысында Елбасымыз Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Бес инсти­туционалдық реформа. Нақ­ты 100 қадам» Ұлттық бағдарламасында атап көрсетілген өндірісті индустрияландыру бағытында бағалы бастамалар жүзеге асырылып жатқанын байқауға болады.
Шайыр БАЙЫНҚОЛ

Жауап қалдыру