Қазақстандықтар қанша жалақы алады?

0
150

Қазақстанда жалақы бірден 10,5 пайызға өсіп, халықтың сатып алушылық қабілеті ре­корд­тық 5,2 пайызға артты, – деп хабар­лайды ҚазАқпарат ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
2019 жылдың 1 тоқса­нында бір жұмысшы­ның орташа айлық жалақысы 168,5 мың теңгені құрады. Бұл реттегі жылдық өсім бірден 10,5 пайызға жетіп отыр. Сонымен қатар қазақ­стандықтардың жалақы­сының сатып алушылық қабілетінің шынайы өсімі инфляцияны ескергенде 5,2 пайызға жетті. Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш саналады.
Осы жылдың 1 тоқсанын­да орташа айлық жалақы­ның ең жоғары көрсеткіші өңірлік шекте Атырау об­лысында тіркеліп, 322,7 мың теңге болды. Бір жыл бұрынғы кезеңмен салыс­тырғанда 15,2 пайызға өсім бар. Бұл орташа респуб­ликалық деңгейден (168,5 мың теңге) 154,7 мың тең­геге жоғары. Жалақы дең­гейі бойынша екінші орында Маңғыстау облысы тұр. Аталған өңірдегі орта­ша айлық жалақы 287,9 мың теңге, бір жыл ішіндегі өсім 2,1 пайыз. Үздік үштік қата­рында Нұр-Сұлтан қала­сы да бар. Елордадағы орта­ша жалақы жылдық 4,4 пайыз өсіммен 233,5 мың теңгеге жетіп отыр. Ең төменгі жалақы Тү­ркі­стан облысында тіркел­ген.  Өңірдегі жалақы 109 мың теңгені құрайды. Бұл рес­пуб­лика бойынша орта­ша көрсеткіштен 1,5 есе аз.
Елімізде ең жоғары жала­қыны қаржы және сақтан­дыру саласының қызмет­кер­лері алады. Олардың айлық табысы 323 мың теңгені құрайды, жылдық өсімі – 8,1 пайыз. Екінші орын­да – кәсіби, ғылыми және техникалық сала маман­дары. Олардың жалақысы жыл­дан-жылға қарағанда 16,2 пайызға артып, 296,3 мың теңгеге жетіп отыр. Ақпарат және байланыс саласының орташа жала­қысы да 16,1 пайызға өсіп, 253 мың теңгені құраған. Ауыл, орман және балық шаруа­шылығы жұмыс­шы­лары­ның жалақысы ең жоғары (16,4 пайыз) өсім көрсеткенімен, бұл саладағы айлық небәрі 93,2 мың теңгені құрайды. Денсаулық сақтау, әлеуметтік қызмет­тер (115,8 мың теңге) және білім беру (109,9 мың теңге) мамандарының да жала­қысы ең төмен болып отыр.

Марлан ЖИЕМБАЙ

Жауап қалдыру