Қазақстан – жаңа нарықтарды қамтамасыз ете алады

0
107

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 28-ші жалпы отырысына қатысты. Іс-шара басталмас бұрын Мемлекет басшысы елдің агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық жобаларымен танысты.
Елбасы Қазақстанның күр­делі сыртқы экономикалық жағ­­­дайлар мен геосаяси сын-қа­тер­лерге қарамастан орнықты экономикалық өсімге қол жеткізіп, шетелдік инвесторлар үшін тартымдылығымен танылып отырғанын атап өтті.
– Биыл жалпы отырыстың та­қы­рыбы Қазақстандағы агро­биз­нестің дамуы туралы болды. Мұндай тақырып кездейсоқ таң­далған жоқ. Қазақстан — ау­мағы жөнінен әлемде тоғы­зын­шы орын алатын және ауыл ша­руашылығының бірегей ре­сурс­тарына ие ел. Қазақстан дәстүрлі өңірлік нарықтарды, сондай-ақ Қытайдағы, Үндістан мен Таяу Шығыстағы жаңа на­рық­тарды қамтамасыз ету үшін географиялық тұрғыдан қо­лай­лы орналасқан. Ауыл ша­руа­шылығы ресурстарының ау­­­­қымын ескерсек, елдің отан­дық және шетелдік инвестор­лар үшін тартымды, бірақ әлі ашыла қоймаған әлеуеті бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті елдегі мүмкіндіктерді пайдалану үшін бірқатар шаралардың бірнеше бағытта жүзеге асыры­лып жатқанын айтты. Со­лар­дың қа­­та­рында қолай­лы инвес­ти­ция­лық ахуал қалып­тастыру, транс­ұлттық компанияларды тарту арқылы өңдеу ісін дамыту, ғы­лымды, инновацияны және кадр даярлауды ынталандыру, инс­­­титуционалдық реформалар жүр­гізу шаралары бар.
Нұрсұлтан Назарбаев инвес­тор­ларды Қазақстандағы аг­ро­өн­дірісті дамыту үшін ин­вес­тиция салуға шақырды.
Отырыс барысында Еуро­­па­­лық қайта құру және даму банкінің президенті С.Чакра­барти, Инвестиция­лар және даму министрі Ә.Исеке­шев, «Ше­т­­елдік инвесторлардың қа­­­зақ­с­­тандық кеңесі» қауым­дас­тығы басқармасының төр­аға­сы У.Вокурка, Ауыл ша­руа­­шы­­лығы министрі А.Мамыт­­беков сөз сөйледі. Сөз кезе­гінде Ауыл шаруашылық министрі аталмыш салаға құны 1 млрд. долларды құрайтын 15 жоба әзірленіп отырғандығын мәлім етті. «Мәселен, аталған 15 жобаның үшеуі майлы да­қыл­дарды қайта өңдеуді көздейді. Ал сүт өнімдері саласына гер­маниялық Megli сынды компанияны тарту елімізде бұл салаға заманауи өндіріс пен тех­нология тартуға, сонымен бір­ге шығарылған өнімдер экс­порты географиясын ұлғайтуға мүмкіндік бермекші. «Бұл 15 жобаның жалпы болжамды құ­ны шамамен 200 млрд теңгені не­месе 1 млрд. доллардан астам қаржыны құрайды. Бұл жоба­лардың барлығында да шетелдік капиталдың қатысуы бар. Тіпті, кейбірі 100 пайыз шетелдік компания болып табылады. Әсіресе, жоба бастамашыларын инвестициялық шығыстардың бір бөлігінің бюджеттен қай­тарылуы қатты қызықтырып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс­тар­ды жалғастырамыз», – деді А.Мамытбеков.
Сонымен қатар, «Бейкер жә­не Маккензи Интернешнл» ком­­­­па­ниясының бас дирек­то­рының орынбасары Э.Шир, «Фи­­лип Моррис Интернешнл» ком­­­­­паниясының аға вице-пре­зи­денті Н.Дэнис, «Ситигруп» бас атқарушы директоры Дж.Коулз, «Эрнст энд Янг» жа­һандық басқарушы серіктесі К.Ди Сибио, «Дойче Банк АГ» бас­қарушы директоры П.Тильс, «Делойт СНГ» басқарушы се­ріктесі И.Коулберн, «Русс­кие машины» директорлар ке­ңесінің төрағасы З.Вольф күн тәртібіндегі негізгі мәселе бой­ынша өз пікірлерін ортаға салды.
Дастан ҚАДЫР,
«Президент және Халық»

Жауап қалдыру