Қазақстан қарызы 15,3 трлн теңгені құрады

0
79

21 мамыр күні Сенатта ҚР Үкіметі мен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова «2018 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы» есептері таныстырды.
«Мемлекеттік борыш және квазимемлекеттік сектордың борышы қауіпсіз шектерде қалып отыр. Қарыздардың негізінен шикізат саласына тартылатыны соншалықты жақсы деп ойламаймыз. Атап айтқанда, барлық сыртқы борыштың 52%-ы (82 млрд доллар) тау-кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Оның ішінде негізгі үлесі – 75,7 млрд доллар экономиканың мұнай-газ секторына тиесілі. Көлік секторының сыртқы борышы 11,5 млрд долларды құрады. Бұл борыш құрылымының 7%-ы. Алайда оның жартысынан көбі құбыржол немесе мұнай-газ секторына тиесілі. Мұнай-газ және тау-кен өндіру компаниялары өздерін дамыту үшін мемлекет кепілдігінсіз өздері де қарыз ала алатын шығар», – деді Наталья Годунова.

 

 

 

 

Жауап қалдыру