Қаржыландыру конкурсы аяқталды

0
188

Кеше ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрағасы Болатбек Әбдірәсілов биылғы іріктеудің қалай өткенін айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, 2018-2020 жылдарға ар­налған ғылыми-техникалық бағдарламаларды қар­жы­ландыруға арналған конкурс гранттық және бағдар­ламалық-нысаналы қаржыландыруды көздейді. Грант­тық қаржыландыру бойынша 4675 өтінім түскен. Соның ішінен 1096-сы жоба іріктелді. Қаржыландырудың жалпы соммасы – 9,5 млрд теңге. Ал бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша 415 өтінім түскен еді. Соның 93-і іріктелді. Бұның барлығы – ірі жобалар. Енді, аталған жобалар Үкімет жанындағы Жоғарғы ғылыми-теxникалық комиссияның қарауынан өтеді.

Жауап қалдыру