Қарыз алушылардың мүддесі ескерілуі тиіс

0
93

Соңғы жылдары Қазақ­стан­ның тұрғындары мен шағын бизнес өкіл­дері онлайн-несиелеу ұйым­дарының қызметіне жиі жүгіне бастаған. Әлем­дік тәжірибе мұндай кә­сіпкерлік қызметке сұра­ныс артқанын көрсетіп отыр.
Еліміз бойынша онлайн-несиелеуде жылдық мөл­шерлеме көлемі 1000%-ға дейін жеткен. Алайда жедел несиелеу бойынша қарыз алушылардың құқық­тық қор­ғалуына кепілдік қарас­тырылмаған. Мәселен, 60 мың теңге кө­лемінде онлайн-несие алып, оны уақы­тын­да өтей алмай, нәти­жесінде қарыз сомасын 1,2 млн теңгеге дейін өсіріп ал­ған азаматтар да көп.
Бірінші несие бюросының деректеріне сүйенсек, 2017 жылы елімізде онлайн-несие қызметіне 248 мың адам жүгінген. Алайда қарыз алушылардың көбі шарт талаптарын орындай алмаған. Мұндай тұты­нушылар қол­да­ныстағы заңнама шең­берінде өз мүдделерін қорғай алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін Ұлттық Банк онлайн-несие алу бойынша үлкен пайыз­дарды шектейтін әрі айып­пұлдардың көлемін несие сомасынан 10%-ға дейін азайтуға бағытталған заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына жібер­ді. Өз ұсынысында Ұлттық Банк халықаралық тәжірибеге сай реттеу құрал­дарын ұсынуда.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіп­керлер палатасы он­лайн-несиелеу бойынша әлем­­­дік тәжірибені ес­ке­ре оты­рып, несие мөл­шерле­месі бойынша шектік мәнді анық­тауға қатысты Ұлттық Банктің бас­тамасын қолдай­ды.
«Ұлттық Банктің баста­ма­сы, біріншіден, бұл қыз­мет­тің көлегейленбеуіне, екін­шіден, халыққа сапалы әрі төмен пайызда қызмет көр­се­туге бағытталған», – деп мәлімдеді «Атаме­кен» ҚР ҰКП Төралқа Төра­ғасы Тимур Құлыбаев Алматы қала­сында өткен Кәсіп­кер­лердің жыл сайын­ғы конференция­сында.
«Атамекен» пікірінше тұр­ғындардың қаржылық са­уат­талығын арттыруда ҚР Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банкке кешенді ша­ра­лар қабылдау керек. Талдау нәтижесі көрсетіп отыр­ғандай, Қазақстан аза­маттарының каржылық сауат­т­ылығы корсеткіші 40%-ды құрайды. Бұл Кения, Сене­гал, Танзания, Замбия сын­ды елдердің деңгейіне тең көрсеткіш.
Әлия КЕМЕЛБЕКОВА,
«Атамекен» ҰКП сайты
қазақ редакциясының журналисі

Жауап қалдыру