Жарқын Шәкәрім

0
60

16 көкек күні күйші, музыка зерттеушісі, жазушы, журналист Жарқын Жақияұлы Шәкәрім 72 жасқа қараған шағында фәни дүниеден бақи дүниеге аттанды.
Жарқын Шәкәрім 1947 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласында туған. 1973 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияны бітірген. 1973-1976 жылдары Мәскеудегі бүкілодақтық «Мелодия» фирмасының күйтабаққа (граммпластика) жазу студиясында аға редактор, 1976-1980 жылдары «Жалын» баспасында редактор, 1980-1982 жылдары Республикалық музыка аспаптары мұражайының тұңғыш директоры қызметтерін атқарған.
1974 жылы Мәскеудегі КСРО Мемлекеттік Орталық мұрағатынан фонографикаға жазылған қазақтың ұлы әншісі Әміре Қашаубаевтың орындауында «Ағаш аяқ», «Смет», «Бесқарагер», «Жалғыз арша», «Үш дос», «Балхадиша, «Дудар-ай» әндерінің үнтаспасын тауып, 1975 жылы күйтабағын жарыққа шығарды.
«Әміре», «Ән жұлдызы», , «Малайсары биден Шәмілге дейін», «Ән асқары», «Тас кескен тағылымы», «Нұрғиса Тілендиев» сынды бірнеше кітаптың авторы.
Марқұмның иманы саламат болсын!

Жауап қалдыру