Жаны жайсаң күрескер

0
141

7-маусым – қоғам қайраткері, белгілі саясаткер, публицист, журналист, «Азат» газетінің алғашқы бас редакторы батырхан Дәрімбеттің мезгілсіз қайтыс болған күні. Бұл қаза оны білетін адамдардың барлығына да ауыр тиді. Әрі құрдас, әрі жолдас Батырхан туралы есімде қалған, өзіме терең де мағыналы ой салған сөздерін оқырманға жеткізуді жөн көріп отырмын.
1991 жылы«Азат» қозғалысы кең етек жайып жатты. Мен де сол кезде, қозғалыстың белсенді іс-әрекеттер жасап жүрген шағында оған мүшелікке өт­тім. Батырханмен танысуым да сонда өтті. Талай-талай жиын­дарда бірге болдық. Алма­тыдағы ескі алаңдағы «Азат» қоз­ға­лысының ереуілі кезінде, оның көзқарасы таза, нағыз қа­зақ жұрты үшін туған Азамат екеніне тәнті болдым.
Елге қайтарда біздің не істеп жүргендігімізден халық хабардар болсын деген оймен «Азат» газетін арқалатып жіберетін. «Саясатқа келген адам екі мақсат көздейді: халық үшін қызмет ету немесе өзінің мәнсабы үшін қызмет ету», – деп әзіл-қалжыңды араластырып, көпшіліктің көңілін көтеріп отыратын. Оның өмірге берері, кейінгіге қалдырар дүниелері әлі де мол болатын. Алайда сұм ажал оны арамыздан ерте алып кетті.
Батырхан шынайы ғалым бол­ды. Ұзақ жылдар Ұлттық ғылым академиясында қыз­мет етті, филология ғылым­да­рының кандидатты болды. Мағжан Жұмабаевтың шы­ғар­машылығынан докторлық жұмысын әзірлеп жүргенінде, қамшының сабындай қысқа ғұмыр мақсатына жеткізбеді. Алаш қайраткерлері – Әлихан Бөкейхан, Мағжан Жұмабаев, Смағұл Сәдуақасов, Мұстафа Шоқайдың өмір жолдарын зерттеумен, олардың еңбектерін қазақ жұртшылығына жеткізумен айналысты. «Жігіт өзі үшін туады, елі үшін өледі» – деген сүйікті мақалы дәл өзіне арнап айтылған секілді.
Батырхан 2007 жылдың 7-мауы­сымында жол апатынан қаза тапты. «Жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деген­­дей, Батырхан өзінің қысқа ғұ­мырында 5 кітап, 9 жинақ, 650-дей мақала жазып қал­дырған. Батырхан Дәрімбет – қарапайым қазақ отбасынан шыққан, елі үшін, халық үшін қызмет етудің нағыз үлгісін өзгелерге көрсете білген жаны жайсаң, күрескер азамат болды.
Айбол Битуғанов,
Жоғары санатты ұстаз

Жауап қалдыру