Жүрегі қазақ деп соққан

0
43

Білімді, парасатты, көргені көп, еңбекқор, өмірі өнегеге толы жандардың қаралы қазасы қабырғаны қайыстырмай, өзекті өртемей қоймайды. Сондай аяулы жандардың бірі – Жахан Молдабековтың 75 жасқа қараған шағында дүниеден озғанына да міне, 40 күн өтіпті.
Философия ғылым­дары­ның докторы, профессор Жа­хан Молдабековтың есі­мі ғылым мен білім сала­сында ерекше аталады. Ол 1943 жылы 6 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Қостұра ауылында туған. 1970 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­тетін, 1973 жылы аспи­ран­турасын тәмәм­даған.
Қызметтік жолы 1969 жы­лы Мәскеу көркемдік ака­де­миялық театры жанын­дағы Щепкин атындағы Жоғары театр училищесінде бас­тал­ған. Кейін Киров атын­дағы ҚазМУ-де аға оқы­тушы, доцент қызмет­терін атқарды. 1985-1989 жыл­дары Алматы зоовете­ри­нар­лық институтында ка­федра меңгерушісі, аға ғы­лыми қызметкер, 1980-1990 жылдары ҚКП ОК штаттан тыс лек­торы болды. 1992 жы­лы «Идеологический про­цесс как предмет со­циально-философского ис­сле­­дования» тақырыбы бойынша докторлық диссер­тация қорғады. 1995-1998 жыл­дары әл-Фараби атын­да­­ғы Қазақ Ұлттық универ­си­тетінің да­йын­дық факуль­тетінің, кейін фило­софия және саясат­тану фа­культетінің деканы қыз­метін абыроймен атқар­ды. Өмірінің соңғы жыл­дарын­да қарашаңырақ – ҚазҰУ-дағы дінтану және мәде­ниеттену кафедра­сын­да қызмет етті.
Жахан Молдабековтың қаламынан 500-ден астам мақала, 2 терминдік сөздік, 10 оқу құралы, 3 өлең жина­ғы, 3 монография және ұжым­дық топпен бірге 4 оқу­лық туған. «Мәдени мұра» бағдардамасы бо­йын­ша «Ежелгі шығыс», «Жаңа дәуір филосо­фия­сы», «Қазақтың халық фи­ло­софиясы», «Қа­зақ би-шешендерінің дү­ние­та­ны­мы мен филосо­фиясы», «Қазақ ақын-жырау­лары­ның дүниетанымы» том­дарына тікелей жетек­ші­лік жасаған. Ол әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-дың тәр­бие тұжы­рымдамасын, Адам­тану бағдарламасын жа­сау­ға атсалысты. Білім Ака­де­миясының ғалым­да­ры­мен «Проблемы инно­ва­ционно-воспита­тельной дея­тельности в системе шко­льного образования» жо­ба­сына, «Достық үйін­де» үш жоба бойынша ғы­лыми топқа жетекшілік жа­са­ды, материалдарын басып шы­ғарды. 6 типтік бағ­дар­ламаны қазақ-орыс тіл­дерін­де басып шығар­ды. Вар­шава универ­ситеті студент­теріне, Анкара­дағы мем­ле­кеттік емес жоғары мек­теп студент-маман­дарына дә­ріс оқыған. Ұзақ уақыт док­тор­лық дис­сертацияның төрағасы, мү­шесі, ҚР жоғары аттеста­циялық комитетінің ғылыми хатшысы қызметін атқарды. Оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, 2 докторлық диссертация қорғалды.
Жахан Жамбылұлы Әлеу­меттік ғылымдар Академия­сының академигі, ак­мео­логиялық ғылымдар Ака­де­миясының академигі атан­ған.
Ғылымға іргелі үлес қос­қаны үшін берілетін прези­денттік гранттың иегері (2008-2010 жж), ҚазҰУ-дың (2009) және ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Жо­ғары оқу орнының үздік оқы­тушысы» мемлекеттік гран­тының (2010) иегері бол­ған.
Ғалым соңғы жылдары «қазақтану» мәселесін өз алдына үлкен бір сала ретінде зерттеп жүрді. Зерттеу еңбектерінің негізінде 6-7 кітап жариялады. Тұлғалық зерттеулерді бір идея аясында шоғырландыруды, «Қа­зақтануды» инсти­туттық дәрежеде зерттеуді мақсат етті. Жүрегі қазақ деп соққан ғалым сөйтіп жүріп пәни дүниеден, бақи дүниеге сапар шегіп кетті.
Марқұмды Алла алдынан жарылқап, жаны пейіште шалқысын!

ҚазҰУ Дінтану және мәдениеттену
кафедра­сы ұжымы.

Жауап қалдыру