Жұмәлі ШАРАХЫМБАЙҰЛЫ

0
288

Үстіміздегі жылғы 30-наурызда 77 жасқа қара­ған шағында белгілі ғалым-педагог, ұлағатты ұстаз, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Шарахымбаев Жұмәлі Шарахымбайұлы дүниеден өтті. Айналасына ақ­­көңіл, аса қамқор жанның жүрегі соғуын мәңгіге тоқтатты. Ол өз ісінің жетік маманы, жұмысына жауапты, отанына адал берілген жан болатын.
Ол 1941 жылы Оңтүстік Қа­зақ­стан облысы, Қазығұрт ауданына қарасты Қақпақ ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң ұжымшарда жұмыс істеді, әскер қатарында азаматтық борышын өтеді. 1964 жылы Қазақ ауыл шаруашылық институтына оқуға түсіп, оны үздік оқыды, сол кездегі Ленин атындағы мемлекеттік стипендия иегері болды. 1969 жылы аталған оқу орнын бітірген соң оқу озаты есебінде осында ғылыми-практикалық қызметке қалдырылды.
Жұмәлі Шарахымбайұлы өзі бітірген Ауыл шаруашылығы институтында 1998 жылға де­йін, табаны күректей 30 жыл қызмет етті: асситент, доцент, институттың партия ұйымының хатшысы, лаборатория меңге­рушісі, экономика факультеті деканының орын­ба­сары, мето­дикалық Ке­­ңес­­­тің төра­ға­сы, эко­номика сала­сында ғылыми дәреже қор­ғай­тын Кеңестің Ғалым-хатшысы болды. Осы аралықта Солтүстік Африкадағы Либия мем­­лекетінде (1978-1980 ж.ж.) экспедиция құрамында аға инженер және ішкі сарапшы, Қызылорда облыстық ауыл ша­руа­шылығын химияландыру стан­сасының директоры (1982-1985 ж.ж.) болып қызмет істеп қайтты.
1988 жылдан бері Қазақ Агро­өнер­кәсіп кешенінің эко­номи­касы және ААД ҒЗИ-да аға ғылыми қызметкер ретінде экономист ғалымдар дайындау мәселесіне белсене араласты. Ғылыми баспа беттерінде 180-нен аса ғылыми мақаласы жарық көрген, 12 жеке кітапшасы, 3 монографиясы бар. Оған қоса Жұмекең публицистикалық мақалалар және өлең жазумен де айналысты. «Қақпақ лебі», «Қазығұрттың Заңғары», «Заң­ғар тауым, асқарым» деп атала­тын үш жыр жинағы жарық көрген, 2007 жылы «Өмір – өзен» атты ғұмыр­на­ма­лық естеліктер кітабын ұсынған.
Үлкенге құрмет, кішіге зет көр­­­­­кем мі­незімен, жан-жақ­ты білімділігімен, адам­дар­мен қарым-қатынас өнері­нің мә­дениетін шебер мең­гер­генімен, кәсіби іскерлігімен, әділдігімен ел мақтанышына айналған Жұмекеңнің тәрбие­сін ал­ған шәкірттері бұл күнде еліміздің түпкір-түп­­кі­рінде абы­ройымен ел игі­лігіне үлес қосып жүр.
Жұмәлі Шарахымбайұлы сү­йік­ті жары, білім беру ісінің үз­дігі Баян Жұмашқызымен екеуі елу жылдан аса бірге тату-тәтті ғұмыр кешіп, 3 бала тәрбиелеп өсірді, немерелерінің сүйікті атасы болды. Еліміздің ауыл шаруашылығы саласы мен рухани мәдени кеңістігіне өзіндік із қалдырған азаматтың жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

«Бәйтерек-Келдібек»

қоғамдық қорының басқармасы,

туған-туыстары, інілері мен шәкірттері.

Жауап қалдыру