Ұзақбай ҚАРАМАНОВ

0
188

Қазақстан жұртшылығы ауыр қайғыға ұшырады. 81 жас­қа қараған шағында Қазақ­стан Республикасының белгілі саяси және мемлекет ееееедүние салды.
Ұзақбай Қараманов 1937 жылы 29 тамызда Қызылорда облысындағы Арал ауданының Ұялы ауылында туған. 1959 жылы А.И.Микоян атындағы Куйбышев инженерлік құ­рылыс институтын тәмамдап, 1961 жылы КСРО Сәулет және құрылыс академиясы жанындағы Жоғары инженерлік курстың тыңдаушысы болды. Еңбек жолын 1959 жылы Ақтөбе облавтотресінің Шұбар құдық автобазасында прораб ретінде бастап, 1961-1964 жылдары «Қызылордақұрылыс» тресінің өндірістік-техникалық бөлімінің аға инженері, Арал қаласында құрылыс басқар­масының бастығы болып еңбек етті. 1965-1980 жылдары «Алматыөнеркәсіпқұрылыс» меке­месінде,  «Бас­Алматы­Құ­рылыс» Қазақ КСР Ауыр индустрия кәсіпорын­дары құрылысы министрлігінің Бас басқар­масында басшылық қызметтер атқарды. 1980 – 1986 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрінің орынбасары, Қазақ КСР құрылыс министрінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды. 1987 жылғы сәуірде Қазақ КСР материалдық-техникалық жаб­дық­тау мемлекеттік комите­тінің төрағасы болды.
1989 жылғы шілдеде Ұзақбай Қараманов Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы, 1990 жылғы қарашада Қазақ КСР-інің Премьер-Министрі болып тағайындалды. Ұзақ­бай Қараманов Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII, XIII шақырылымдарының, екінші шақырылымдағы (1999-2004 жылдар) және үшінші шақырылымдағы (2004-2007 жылдар) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды. Ұзақбай Қараманов ІІ дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен, құрметті атақ­тармен марапатталған.
Ұзақ­бай Қараманов қазіргі Қазақ­станның қалыптасуына, республиканың құрылыс саласының дамуына елеулі үлес қосты. Ол өз елінің шынайы пат­риоты, білікті басшы және жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Ұзақбай Қарамановтың жарқын бейнесі біздің жүрегімізде әрдайым сақталады.

«Президент және Халық»  газетінің ұжымы

Жауап қалдыру