Өтеген Күмісбаев

0
146

28-маусым күні белгі­лі шы­ғыс­танушы ғалым, фи­ло­­логия ғылымының док­то­ры, профессор, ҚР Ауыл ша­руа­шылығы ғылым­дары академиясы және Гума­ни­тарлық ғылымдар академия­сы­ның академигі, ақын, аудар­машы Өтеген Күміс­байұлы Күмісбаев 77 жасында өмірден озды.
Өтеген Күмісбаев 1939 жылы 20-мамырда Қызылорда облысының Жалағаш ауда­нында дүниеге келген.
Қызылорда қаласындағы Ғ.Мұ­ратбаев атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, аудандық газетте әдеби қыз­меткер болып істеген. 1963 жылы Қазақ мемле­кет­тік уни­верситетінің фило­ло­гия факультетін бітірген. «Со­циа­листік Қазақ­стан» (қазіргі «Егемен Қазақстан»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңге­ру­шісі болып істеді. 1969–1974 жылдары Мәскеудегі КСРО ҒА-ның Шығыстану институтында оқып, осы институттың аспирантурасына түскен. 1974 жылы «Тұр­ма­ғамбет Ізтілеуов және оның «Рүстем-Дастаны» деген та­қырыпта кандидаттық дис­сертация қорғады. Ұзақ жыл­дар бойы Әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық уни­верситетінде ұстаздық қызмет атқарған.
Ө.Күмісбаевтың 10-нан астам өлең, әңгіме, повесть, ғылыми кітаптары жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Солидарность», «Литература и ты», «Мы – молодые» секілді Мәскеуде шыққан жинақтарда басылған, шетелдер тіліне аударылған. Парсы-үнді классигі Әмір Хұсрау Дехлевидің «Жұ­мақ­тың сегіз бағы» дастанын түпнұсқасынан, сондай-ақ М.Рыльскийдің «Рау­шан мен жүзім» өлең-поэма­лар кіта­бын (1987) тәржіма­лады. Р.Ғамзатов, Вс.Рождес­твенс­кий, Явухулан жырларын қа­зақ­шалаған. Поляк револю­ционері Янушкевич жөнінде роман жазған. Ғалымның шығыс әдебиеті мен қазақ әдебиетінің өзара байланысын зерттеуге арналған «Терең тамырлар», «Абай мен Шы­ғыс», «Мұхтар Әуезов және әдебиет әлемі» моног­ра­фия­лары бар.

Жауап қалдыру