Тұрсынай ОРАЗБАЕВА

0
79

Халқымыз алақанына сал­ған аяулы да дарынды ақын қы­зы­нан айырылды. Қа­зақ пен Саха елінің та­ту­лы­ғы­на дә­не­кер болған Халық­ара­лық «Алаш» әдеби сыйлы­ғы­ның лауреаты, А.Фадеев атында­ғы сый­лық­тың лауреаты, Саха-Якутия Республикасының ең­бек сіңірген мәдениет қай­рат­кері, Ресейдегі Ха­лық­ара­лық жа­зу­шы­лар одақтары қа­уым­дас­ты­ғы­ның қазақ әде­бие­ті жө­нін­де­гі кеңесшісі Тұр­сы­най Оразбаева 65 жасын­да сыр берген сыр­қаттан дү­ние сал­ды.
Тұрсынай Оразбаева 1950 жы­лы 19-ақпанда Оң­түс­тік Қа­зақ­стан облысы, Сай­рам ау­да­нына қарасты «Қайнар­бұ­лақ» ауылында туыл­ған. Ең­бек жо­лын Шым­кент­те­гі Ша­нин атын­да­ғы облыстық қа­зақ драма теат­рын­да әдебиет бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­шісі болып бас­та­ған еді. 1970-1980 жылда­ры об­лыс­тық радио коми­те­тін­де, қа­зір­гі «Қа­зақ­стан-Шым­кент» те­ле­ар­насында, об­лыс­тық «Оң­түс­тік Қа­зақ­стан» га­зе­ті­нің редак­ция­сын­да қыз­мет етті. 1980 жылдан бе­рі Қа­зақ ра­дио­сы­ның әде­би-дра­ма­лық ха­бар­лар бас ре­дак­ция­сын­да редактор болды.
1997 жылы Мәскеудегі Ха­лық­аралық Жазушылар ода­ғы­ның қауымдастығында қа­зақ әде­бие­ті бойынша ке­ңес­ші бо­лып тағайындалды. Осы қыз­ме­тін­де әдебиет­тер­дің ба­уыр­лас­тығына, қазақ-орыс әде­бие­ті бай­ла­ныс­та­ры­ның ны­ға­юына көп еңбек сі­ңір­ді. Тә­уел­сіз Қа­зақ елі әде­бие­ті­нің Ре­сей­дегі ай­тулы насихатшысы болды.
Осы жылдарда Тұрсы­най Оразбаева өзі де шығар­ма­шы­лық тұрғыдан жеміс­ті қа­­лам тербеді. Талай жыр до­да­­ла­рын­да сұлу жырларынан шашу шашты. А. Фа­деев атын­да­ғы ха­лық­ара­лық әде­би сый­лық­тың лауреаты атанды. Ха­лық­ара­лық «Алаш» әде­би сый­лы­ғы­ның ие­ге­рі болды. Саха-Якутия Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек сіңірген қай­рат­ке­рі, ҚР Пре­зи­ден­ті­нің Құр­мет гра­мотасы­мен ма­рапатталды. Елі­міз әде­бие­тіне он шақ­ты жыр кітабымен лайықты үлес қос­ты. «Ің­кәр жүрек әуені», «Таң ша­па­ғы» оқыр­ман­дар­дың із­деп жү­ріп оқитын кі­тап­та­ры­на, «Гүл­се­зім» көп­ші­лік­тің сүй­іп тың­дайтын әні­не айналды. Бұл дү­ние­лер қа­зақ әде­бие­ті­нің қа­зы­на­сы­нан өз орын­дарын тапты.
Талантты ақын, өз ортасы­ның сүйіспеншілігіне бө­лен­ген, аяу­лы Тұрсынай Ораз­бае­ва­ның бей­не­сі оны бі­ле­тін­дер­дің жү­ре­гін­де ұзақ сақ­та­ла­тын болады.
«Президент және Халық»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру