Тұрсын Құралиев

0
153

2 қазан күні Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық бала­лар мен жасөспірімдер теат­рының аға буын актеры, ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» ордені­нің иегері – Тұрсын Құралиев 68 жасында оқыстан қайтыс болды.
Ол 1950 жылы 6 қаңтарда Жам­был облысы Шу ауданы Құлақшын бекетінде дүниеге келген. Мәскеудегі М. Щепкин атындағы жоғары театр училищесін актер мамандығы бо­йынша тәмамдаған. 1972 жылы Жезқазған қаласына барып, облыс­тық театрдың ашылуына атсалы­сып, онда екі-үш жылдай еңбек еткен. 1975-1977 жылдары Ш. Ай­ма­нов атындағы «Қазақфильм» кинос­тудиясында еңбек етті. 1977 жылдан бері Ғ. Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік акаде­миялық балалар мен жасөспірімдер театрында қыз­мет атқарды.
Алғашқы рөлі 1972 жылы «Мос­фильм» түсірген «Земля Сан­никова» атты кинофильміндегі «Көсемнің баласының» рөлінен бастау алады. Одан кейінгі рөлі «Қазақфильм» түсірген «Нан мен тұз» фильміндегі Амангелдінің бейнесін сомдаған Т.Құралиев кино саласында 50-ден астам фильмдерде ойнады. 1976 жылдан бастап, осы театрда үзбей қызмет етіп келе жатқан артист осы жылдар ішінде театр сахнасында 100-ге тарта рөл сомдаған. М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде»– Ақ жігіт, М.Әуезовтың «Айман-Шолпанында»–Әлібек, «Алуасында»–Арман, Ғ.Мүсі­ре­повтің «Ақан сері – Ақтоқ­тысында» – Жалмұхан, Ә.Әбішевтің «Нұрлы жаңбырында» – Мұхит, «Мәдиінде» – Иман, «Алау жалды арғымақта» – Сәкен, У.Шекспирдің «Дуалы түнгі думанында» – Деметрио, Ә.Тә­жібаевтың «Күн сайын сағына­мын» пьесасында – Сәкен және тағы басқа қойылымдарда жетекші образ­дарды сомдады.
1998 жылы Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі атағын алды. 2010 жылы «Құрмет» ордені­мен марапатталды. 2016 жылы «Ең­­бек ардагері» және «Қазақ­стан тә­уел­сіз­дігіне 25 жыл» ме­дальдары­мен ма­рапатталды. Марқұмның иманы саламат болсын!
«Prezident & Halyq»
газетінің редакциясы

Жауап қалдыру