Серікхан Жақыпов

0
132

Үстіміздегі жылғы 6 мамырда көрнекті мем­лекет қайраткері, ұзақ жылдар құқық қорғау саласында қызмет еткен танымал тұлға Серікхан Жақыпұлы Жақыпов 69-ға қараған шағында дүние­ден озды.
Се­рікхан Жақыпов 1950 жылы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған. ҚазМУдің заң факультетін заңгер маман­дығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 1973 жылы Орта Азия әскери округінің Фрунзедегі (қазіргі Бішкек) әскери прокуратурасында әскери тергуші болып бас­тады. 1975-1980 жылдары Қырғыз ССР прокуратурасының ерекше маңызді істер жөніндегі тергушісі болды. 1980-1985 жыл­дары Қазақ КСР проку­ратура­сының ерекше маңызды істер жөніндегі тер­гушісі, аға тергеушісі, 1985-1986 жж Алматы қа­ла­сы Ала­тау ауданының прокуроры болды. Желтоқсан көтерілісі кезінде жазықсыз тұтқындалған көптеген жастарды дереу босатқызып жіберді. 1986-1990 жж Алматы қала­сы про­ку­роры­ның орынбасары, бірінші орынбасы болып еңбек етті.
1990-1992 жж Қазақ КСР Жо­ғарғы Кеңесінің депутаты болды. Ол Парламентте Сыртқы және ха­лық­ара­лық байланыстар жөнін­дегі коми­тетінің төра­ғасы ретінде үлкен еңбек сіңірді.
1992-1993 жж Алматы қала­сы прокурорының бі­рін­ші орынбасары қызметін атқар­ды. Одан кейін 1994-1995 жж еліміздің Жоғарғы Кеңесіне қайтадан депутат болып сайланып, Сыртқы және халық­­аралық байланыс жө­ніндегі Комитетінің төра­ға­сы болды.
1996-1998 жж ТМД елдері бойынша Ұйым­дасқан жемқорлық және басқа да қылмыстарға қарсы күресті үйлестіру бюросында еліміздің Ішкі істер министрлігінің өкі­летті өкілі болып еңбек етті.
1998-1999 жж еліміздің Бас прокуратурасында Тергеу мен алдын ала анықтау істерін қадағалау басқармасының, одан кейін департаменттің бастығы болды.
1999-2001 жж Қарағанды, 2001-2002 жж Шығыс Қа­зақ­стан облыстарының про­куроры қызметін атқар­ды, одан кейін ҚР Бас проку­ра­тура­сында департамент бас­тығы болды. Ол қызметіне адал, үнемі әділдіктің жақ­таушы бола білді.
Серікхан Жақыпов ұзақ жылғы еңбегі үшін бірқатар мем­лекеттік наградалармен мара­па­талды. Оған кезін­де «Кеңестер Одағы прокура­тура­сының құрметті қызмет­кері» атағы берілген.

«Prezident & Halyq»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру