Рақымғали ЫБЫРАЙЫМОВ

0
117

Үстіміздегі жылғы 24 наурызда көрнекті педагог, білім беру саласының білікті ұйымдастыру­шы­лары­ның бірі Рақымғали Ыбырайымов 85-ке қараған шағында бақилық сапарға аттанды.
Рақымғали Ыбырайымов 1933 жылы 5 желтоқсанда Алматы облысы қазіргі Еңбекшіқазақ ауданының Тескенсу ауылында дүние­ге келген. 1952 жылы Шелек ауылындағы Киров атындағы қазақ орта мектебін бітірді. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына түсіп, 1956 жылы аталған оқу орнын физика-математика пәнінің мұғалімі ма­мандығы бойынша тә­мәм­­дады.
Еңбек жолын сол жылы бұрынғы Шелек ауданын­дағы Малыбай орта мектебінде 9-10-сыныптарға дәріс беруден бастады. Екі жылдан кейін Қаратұрық ауылындағы Калинин атындағы орта мектепке дирек­тордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және математика пәнінің мұғалімі болып ауысты. 1963 жылдан 1972 жылға дейін аудандық оқу бөлімінің бас инспекторы қызметін ат­қар­ды.
1972-1984 жылдары Шелек кентіндегі Абай атын­дағы қазақ орта мектебінің директоры, 1984-1992 жыл­да­ры аралығында ау­дан­дық білім бөлімінің мең­геру­шісі болды. Бұл жыл­дарда аудан облыс бо­йынша білім саласында алдыңғы қатардан көрін­ді. 1992-1996 жылдары Абай атындағы қазақ ор­та мектебіне оралып, осы мектептің директоры қыз­­ме­тін атқарды. 1996 жы­лы құрметті зейнет­кер­лік­ке шықты. Зейнет жа­сын­да да жеке шаруақожалығын құрып, еңбек етті. Шәкірттері Рақым­ғали Ыбырайымовты үнемі ық­палды, абыройлы ұс­таз­дар қатарында құрмет­тейтін.
Рақымғали Ыбырайымо­в негізгі қызметімен қоса сайланбалы органдардағы жұ­мысын да қатар ат­қарды. 1972-1985 жылдары ауылдық советтің депутаты, 1985-1996 жылдары аудандық советтің депутаты және аудандық ардагерлер кеңесі мен «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы болып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты.
Ерен еңбегі үшін аудан­дық, облыстық ұйымдардың және рес­публикалық оқу ми­нистр­лігінің көптеген құрмет грамоталарымен, сондай-ақ, «Оқу-ағарту ісінің үздігі» медалімен және басқа да көптеген төсбелгілермен марапатталды. Өмірінің соңғы жылдарында өлкетану­шы­лық бағытта «Бақай баура­йында» атты кітап жазды.
1959 жылы педагог Жұ­маш Боташевамен отау құрып, бір қыз, бір ұл өсі­ріп, бес немере көрді. Ол кісі қайтыс болған соң, кейінгі үйленген жұбайы Нұржаңыл Иманалиева апай да ел азаматын алақанында ұстап ардақтады.
Рақымғали аға «Президент және Халық» газетінің жанашырларының бірі болатын. Марқұмның жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын!

«Prezident & Halyq»
газетінің редакциясы.

Бөлісу
Алдыңғы бетАнекдоттар
Келесі мақалаЛуи де Фюнес

Жауап қалдыру