Құман ТАСТАНБЕКОВ

0
158

17 желтоқсан күні көрнек­ті кино және театр актері, Қазақ­станның Халық әртісі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, «Қазақтың Төлегені» Құман Тастанбеков дүниеден озды.
Құман Тастанбеков 1945 жылы бұрынғы Талдықорған об­лы­сында дүниеге келген. 1969 жылы Қазақ Мемлекеттік Құр­манғазы атындағы консерва­торияның театр факультетін бі­тірген.
Ол сахнада О. Бөкеевтің «Құ­лыным меніңдегі» – Жан, «Вьет­нам жұлдызындағы» – Ұш­қыш, Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен те­рінде» – Тәңірберген, Ғ. Мү­сі­реповтің «Ақан сері-Ақтоқ­тысында» – Ақан, С. Мұқановтың «Шо­қан Уәлихановындағы» – Шо­қан, Т. Ахтановтың «Антын­да» – Сауран, М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» – Әлібек, Т. Ахтановтың «Жоғалған досында» – Естемесов, Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-анасында» – Қасым, «Ақ кемесінде» – Құлбек, Е. Дом­баевтың «Біздің кластың қыз­дарында» – Төлеген, Б. Мұ­қай­­дың «Өмірзаясында» – Цезарь, Ф.Эрвенің «Түлкі бике­шінде» – Флоридор, Н. Хикметтің «Фархад-Шырынында» – Фархад сын­ды негізгі рөлдерді сомдады.
Театр репертуарында жүріп жатқан спектакльдерде – Ша­хи­марденнің «Томирисінде» – Бал­қаш, С. Торайғыровтың «Қа­мар сұлуында» – Омар, С. Мұ­­­қановтың «Мөлдір махаб­батында» – Жақыпбек, Т. Нұр­ма­ған­­бетовтің «Ескі үймен қош­та­суында» – Жалғасбек, Б. Жә­киевтің «Жүрейік жүрек ауырт­па­йында» – Қария, М. Задор­­нов­тың «Күйеуіңізді сатыңыз­­шы» комедиясында – Анд­рей, Г. Гауптманның «Ымырт­тағы ма­хаб­­батында» – Штейниц, Шекс­­­­пир­дің «Ромео мен Джу­льет­­тасында» – Монтекки, Д. Кобурнның «Жын-ойнағында» – Веллер Мартин, А. Чеховтың «Апалы-сіңлілі үшеу» драма­сын­да – Кулыгин рөлдерін сом­да­ған.
Қ. Тастанбековтің кино өне­рі саласындағы еңбегі де елеу­лі еді. Ол атақты «Қыз Жібек» фильміндегі Төлеген рөлі­мен «жұлдызы жанған» ак­тер. Бұдан кейін де «Біздің Ға­ни», «Қыс – суармалы кезең емес», «Мұнда аққулар ұшып ке­леді», «Аққулар жаңғырығы», «Қо­сымша сауалдар», «Ағам­ның қалыңдығы», «Пров­ин­циал­ды роман», «Қараша қаздар қайт­қанда», «Өрнек», «Алаң жиегінде», «Кімсің сен, салт атты?», «Адам-жел», «Махамбет» сияқты көптеген фильмге түскен.
Актер әншілік өнерден де құралақан еместі. Ол бірнеше спектакльде ән орындаған.
Құман Тастанбеков КСРО Кинематографистер одағының мүшесі, Қазақстан Ленин ком­сомол сыйлығы лауреаты, Қа­зақ­­станның Халық әртісі, «Құр­мет» орденінің иегері бола­тын. Сондай-ақ ҚР Тәуелсіз­дік кү­ніне орай, Алмалы ауданының әлеуметтік, экономикалық, қо­ғам­дық, саяси өміріне қосқан үлесі, жоғары кәсіби біліктігі мен азаматтық белсенділігі үшін марапатталған.
Марқұмның иманы саламат болсын!

«Президент және Халық»
газетінің редакциясы.

 

manager
manager

Жауап қалдыру