Лесбек БЕКЖАНОВ

0
549

Үстіміздегі жылғы 17-шілде кү­ні 78 жасында ұзаққа созыл­ған ауыр науқастан халқымыз­дың мақтан тұтар аяулы пер­зент­терінің бірі, көрнекті қоғам қайраткері, оңтүстіктің айтулы азаматы Лесбек Бекжанов пәни дүниеден бақи дүниеге озды. Ол біреуге әке, біреуге сүйікті жар, немерелеріне ата, халқына жанашыр жан болған еді.
Лесбек Бекжанов 1937 жы­лы Оңтүстік Қазақстан об­лысы Мақтаарал ауданының Ильич ауылында дүниеге кел­ді. Мектептен соң Таш­кент ауылшаруашылығы инсти­тутын экономист мамандығы бойынша бітірді. 1960 жылдар­дың басында алғашқы еңбек жо­лын мектепте мұғалім бо­лып бастады. Біраз жыл ком­сомол және партия ор­ган­дарында қызмет етті. Жол­да­мамен Ташкент жоғарғы пар­тия мектебін бітірген соң Өзбекстанның Сырдария жә­не Жызақ облыстық партия ко­ми­теттерінде лауазымды қызмет­тер атқарды.
1978-1979 жылдары Шым­кент облыстық партия коми­те­тінің ұйымдастыру бөліміне жұмысқа ауысты. 1979-1985 жылдар аралығында Шар­дара аудандық партия коми­те­тінің бірінші хатшысы бо­лып қызмет атқарды. Лес­бек Бекжановтың ұйым­дастыру­шы­лық қызметінің жарқырай көрінгені осы тұс. Қатаң тәртіп пен реттілік, жоғары еңбек өнім­ділігі, білікті кадрларды ірік­тей білу оның ел есінде қал­ған ерекше қасиеттері еді. Іргесі жаңа қаланған Шардара ауданының экономикасы мен әлеуметтік жағдайын биік белестерге көтере алды. Шар­дара поселкесін ақ шағалдай қа­лаға айналдырды. Аудан сол тұс­та Бүкілодақтық Ауыспалы Қызыл туды бірнеше рет же­ңіп алды, аты бүкіл одаққа танылды.
Лесбек Бекжанов өзінің қыз­меттік жолында көптеген қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Соған қарамастан өмі­рінің соңғы күндеріне дейін қо­ғамдық жұмыстарға белсене араласып, өмірлік тәжірибесін жастарға үйретуден жалыққан жоқ. Сондықтан да сіңірген еңбегіне қарай Шардара, Мақ­таарал және Сарыағаш сияқты үш ауданның «Құрметті аза­ма­ты» атанды.
Адамгершілік қасиеттері мол, жаны жайсаң, жүрегі кір­шік­сіз, абзал азамат ег­де тартқан ша­ғында шын мәнінде кісілік пен даналық­тың үлгісіндей, әділ­дік­тің таразысындай абыз ақсақал­да­рымыздың біріне айналды. Өмірінің соңына дейін ағайын-туыстарына, жора-жол­дас­тарына бауырмал, сый­лы болды. Сүйікті қосағы Күлшайым екеуі бір ұл, екі қыз өсіріп, ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
Елге қалтқысыз еңбек сіңір­ген абзал азаматтың жарқын бей­несі оны білетін жандардың жүрегінде мәңгілік сақталады. Марқұмның жаны жәннатта бол­сын!

Әбдуали ҚАЙДАРИ, Нұрмағамбет ӘЖМЕТОВ, Ералы ДАДАБАЕВ, Тұрсын ОРАЗҒАЛИЕВ, Жандар КӘРІБАЙ, Мақсұт НЕСІПБАЕВ, Жасқайрат АРЫНҒАЗИН, Елеусіз СҰЛТАНҒАЗИЕВ, Сәуірбек РУЗИДИНОВ, Тілләбек МҰСАБАЕВ, Пердебай ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, Марат ТОҚАШБАЕВ.

Жауап қалдыру