Ләзиза АЙМАШЕВА

0
137

Үстіміздегі жылғы, 17 мау­сым күні, Қазақ те­леви­зиясының ардагері, Қазақ теледидарының бұ­рынғы көркемдік жетекшісі, көрнекті мәдениет қай­раткері, әйгілі диктор Лә­зиза Аймашева 88-ге қа­раған шағында пәни дү­ние­ден бақи дүниеге озды.
Марқұм 1932 жылы 8 наурызда Қордай ауданы Қаракемер ауылында жарық дүние есігін ашқан. 1955 жылы Алматы медицина институтын бітіріп, дәрігерлік қызмет атқарып жүрген кезінде 1959 жылы конкурстық негізде Қазақ телевизиясына дикторлық қызметке қабылданады. Арасында 1968 жылы Абай атындағы ҚазПИ-ді бі­тіреді. 1970 жылы жоғары дәрежелі режиссер атағына ие болды. Әлденеше жыл тікелей эфирден жаңалық хабарларын жүргізді. 1977 жылдан Қазақ теледи­дары­ның көркемдік жетекшісі болып істеді.
Ләзиза апайдың шығар­ма­шылық галерея­сында Қазақ теледидарының «Ал­­тын қорына» енген он­даған сериалдар бар. ІІ жаһан соғысының аяқ­талуының 20 жылдығына арналған 20 сериялы деректі фильм, «Батырдың Алтын Жұлдызы», «Маң­ғыш­лақ» атты фильмдер со­лардың қатарында. Ол ке­­зінде көгілдір экран арқылы беріліп, көрер­­мендер тарапынан жоғары баға алған «Кино туралы әңгіме», «Кино­саяхат клубы», «Кино, уақыт, замандас», «Табиғат және біз» сияқты бағдарламалардың жүр­гізушісі болды. Сол үшін де Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Өткен ғасырдың 70-ші, 90-шы жылдары Қазақ теледидарының белгілі болған дикторлары мен жүргізушілерінің барлығы дерлік Ләзиза апайдың шәкірттері болатын.
Ол көрнекті мемлекет қай­раткері Кенжеболат Шала­баевтың жары бол­ды. Екеуі бірге ұрпақ өрбітті. Ләзиза апай өте қарапайым, ізгілікті жан еді. Марқұмның иманы саламат болсын!

Әріптестер
атынан:

Ләскер СЕЙІТОВ,
Мәриям ЖАҚСЫМБЕТОВА,
Бүркіт БЕКМАҒАНБЕТ,
Марат ТОҚАШБАЕВ

Жауап қалдыру