Кәмшат ДӨНЕНБАЕВА

0
114

Үстіміздегі жылғы 10-қара­шада қазақ халқының батыр қы­зы, даңқты механизатор, тың иге­руші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Байғазықызы Дөнен­баева 74 жасында пәни дүниеден бақи дүниеге озды.
Кәмшат Дөненбаева 1943 жы­лы Қостанай облысы Ленин ауы­лында дүниеге келген. Еңбек жолын Ұзынкөл элеваторында жұ­мыс­шы болып бастаған. 18 жа­сы­нан тракторды тізгіндеп, 1961 жылдан Қостанай облысы Боровский ауданы «Харьков» кеңшарында механизатор болып еңбек етті. Қостанай облысының Мең­­діқара ауданындағы «Каменск-Уральский» кеңшарында ме­ха­низаторлар дайындайтын курсты, Қостанай ауыл шаруа­шы­лық техникумын сырттай оқып бітірген.
1972 жылы қайырмасыз соқа­мен жер жыртуда әйел меха­ни­заторлар арасында өткізілген об­лыстық жарыста бірінші орын­ға, республикалық жарыста үшінші орынға, 1973 жылы Рос­тов облысындағы Зерноградта бү­кі­­лодақтық жарыста жүлделі орынға ие болған.
1973 жылы 26579 га, 1974 жылы 38158 га, 1975 жылы 37199 га жер жыртып, жылдық міндет­те­мелерін асыра орын­даған. Қа­зақ қыздарының ауыл шаруа­шы­лық техникаларын мең­геруіне үлгі-өнеге болды.
Кәмшат Дөненбаеваға Бүкі­ло­дақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмесінің Құрмет дипломы және «Москвич» авто­машинасы берілді. Ол СОКП XXV съезінің делегаты, IX сай­ланған КСРО Жоғарғы Ке­ңесінің депутаты болды.
1976 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаттығын алды. Екі рет Ленин орденімен, Құр­­мет белгісі орденімен мара­пат­талған. 1980-1985 жылдары КСРО Жоғарғы Кеңесінің Ұлт­тар Кеңесі төрағасының орын­баса­ры болды. 1990-1993 жылдары кеңшардың қауіпсіздік техни­касының инженері, 1993 жылдан шаруақожалығын бас­қарады.
Кәмшат Байғазықызы өзі­нің ең­бексүйгіштігімен, қай­сар қажыр­лылығымен, кәсіби ше­бер­лігімен ауыл шаруа­шы­лығының нағыз майталман маманы болатын. Марқұмның иманы саламат болсын!
«Президент және Халық» газетінің редакциясы

Жауап қалдыру