Күлән БЕРІКБОЛОВА

0
52

Үстіміздегі жылғы 16 қа­зан­да қазақтың патриот қыз­дарының бірі, белгілі жур­налист Күлән Берікболо­ва 63-ке қараған ша­ғында ұзаққа созылған ауыр науқастан дүние салды.
Күлән қазіргі Шығыс Қа­зақстан облысының Жарма ауданында дүниеге кел­ді. Сонда орта мектепті тауысты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика факультетін 1978 жылы бітірді. Студент кезінде қоғамшыл, жанындағы құрбы­ларына жанашыр болып жүретін.
Еңбек жолын Семей өңі­ріндегі Жарма ауда­нының «Молшылық үшін» газетінде тілші болып бастады. Одан кейін өткен ғасырдың сексенінші жылдарының ортасында «Социалис­тік Қа­зақстан» (1981-1984), «Білім және еңбек» (1984-1986), «Жұлдыз» (1986-1994), «Бірлік», «Ақ бо­са­ға», тағы басқа бірқа­тар рес­публикалық мер­зімді ба­сылымдарда қыз­мет ет­ті. 2000-2004 жыл­да­ры «Қорғау» зейне­тақы жи­нау қорында аудар­ма­шы, кейін «Экономика», «ҚазАқпарат», «Арыс» баспаларында редактор болды.
Күлән студент кезінен із­денгіш, еңбекқорлық қа­сиет­терімен ерекшеле­нетін. Мұстафа Өзтүрік жайлы «Мұзбалақ Мұстафа» (1997 ж) естеліктер жинағын, Тоқ­тар­хан Шәріпжановтың «Қал­дырдым мұра халқы­ма» (2003 ж) жинағын құ­растырып, жарыққа шы­ғарды. В.Л.Назарованың «Ша­руашылық жүргізуші субьектілердегі бухагалтерлік есеп», В.Л.Назарова, Д.А.Фурсов, С.Д.Фурсова, М.С.Жаппарханованың «Бас­қару есебі», К.Берда­лиевтің «Менеджмент», Г.А.Жаппарованың «Информатика негіздері», Д.О.Абле­новтің «Аудит негіздері» атты оқулықтарын А.Жалғабаевпен бірлесіп, орысшадан қазақшаға аударды. Қаржы-қаражат саласында қазақша көптеген терминдердің қалыптасуына атсалысты. «Үш қиян» баспасынан «Үнімен үздірген үкілім-ай» атты кітабы жарық көрді.
Белгілі сатирик, кезінде «Ара» журналында қыз­­мет еткен Тоқтархан Шәріп­жановпен шаңырақ көтеріп, екеуі екі перзентті болды. Жолдасы қайтыс болған соң қиындықтарға қарамай екі қызын ел қатарына қосты.
Мінезі жайдары, ақкөңіл, адамға жақсылық жасауға асығып тұратын. Оның бейнесі курстастарының жадында ұзақ сақталатын болады. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!

КУРСТАСТАРЫ.

Жауап қалдыру