Файзолла Оразаев

0
65

24 наурызда филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі Файзолла Ора­заев 81 жасында дүниеден оз­ды.
Файзолла Мұртазаұлы Оразаев 1938 жылы 15 жел­тоқ­санда Оңтүстік Қазақ­стан облысының Түркіс­тан ауданында дүние­ге кел­ген. Қазақ мемле­­кет­тік университетін, Абай атын­дағы Қазақ мемлекеттік педа­го­гикалық инсти­тутының аспирантурасын бітірген.
1958-1962 жылдары «Ле­ниншіл жас» газетінің, «Мә­дениет және тұрмыс» журналының әдеби қыз­меткері болып жұмыс істеген. 1962-1966 жылдары – «Қазақфильм» киносту­дия­сының аға редакторы, 1969-1970 жылдары – «Жұл­дыз» журналы сын бө­лі­мі­нің меңгерушісі, 1970-1979 жылдары – Қазақ­стан Ғылым академиясы М.Әуезов атындағы Әде­биет және өнер инсти­туты­ның аға ғылыми қыз­меткері, 1979-1995 жылдары – Қазақ мемлекеттік университеті журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі боп еңбек етті.
1995 жылдан Алматы халықаралық журналистика институтының, 2000 жылдан Халықаралық мамандықтар университетінің ректоры. 1995 жылдан Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының президенті қызметін атқар­ған.
Ғалымның «Қазақ теат­ры­­ның тарихы» (І-ІІ том), «Стиль сыры», «Уақыт және қаламгер», «Жас­тық шақ театры», «Басты тұл­ға» кітаптары жарық көрген. Көркем аударма саласында М.Горький, П.Қадыров, У.Хашимов, А.Станю­кович­тің шығармаларын аудар­ған.
Марқұмның жаны жән­натта, иманы саламат болсын!

«Prezident & Halyq»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру