Ермек ӘБІЛДАЕВ

0
43

Қазақ өнері тағы бір ерен ұлынан, өнерпаз перзентінен, айтулы әншісінен айырылды. Үстіміздегі жылғы 28-маусымда, қасиетті рамазан айының соңғы бір тұсында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Дүниежүзілік және Халықаралық байқауларының бас жүлдегері, Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалінің иегері, Мәдениет қайраткері, белгілі әнші-композитор Ермек Әбілдаев ауыр науқастан дүние салды.
Ермек Әбілдаев 1948 жылы 28-ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы ОҚО Шаян, Майбұлақ өңірінде өтті. 1965 жылы орта мектепті бітіріп, Алматыдағы эстрада-цирк студиясына түседі. 1967 жылы студияны Қазақстанның ха­­лық әртісі, профессор Б.Б.Жы­­лысбаевтың класынан бітіріп шыққан соң «Қазақ­кон­церт» бірлестігіне әнші ре­тінде қабылданады. Ары қа­рай Қазақ радиосында му­зы­калық редактор бола жү­ріп Құрманғазы атындағы өнер консерваториясын да түгеседі.
1980 жылы жаңадан құ­рылып жатқан «Отырар са­зы» ансамбіліне әнші ре­тінде шақырылды. Сөйтіп әй­гілі композитор, дирижер Нұрғиса Тілендиевтің жақын серіктерінің біріне айналды. 1985 жылы Мәскеудегі XII Дүниежүзілік жастар мен студенттер фестиваліне қа­тысады. Ондаған шет мемлекеттерде өнер көрсетеді.
Көптеген халықаралық бай­қауларға қатысып бас жүлдеге ие болды. Марқұмның жаны жаннатта болсын!
«Президент және Халық»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру