Діни сауаттылық – қоғамның негізгі тірегі

0
431

Біздің көпэтносты еліміз үшін қоғамдық-саяси тұрақтылық, этносаралық және конфес­сияаралық келісім – Тәуелсіз Қазақстанның «Мәңгілік Елге» ай­­на­лу жолын­дағы бас­ты игіліктердің бірі. Әр­түрлі этникалық және көп­конфес­сиялық көрсеткіштер елдің демократиялық бағытта дамуына сенімді ықпал етуде. Сондықтан, ұлттың діни факторларын үйлестіре жүргізуіміз бүгінгі мемлекеттік саясаттың негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кон­ституциясының 1-бабында «ҚР өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп атап көрсетілген. Осыған сәйкес, ел азаматтарының діни сенім бостандықтары мен оны заң аясында жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды.
Бүгінгі күні азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын қамтамасыз ету, әртүрлі діни бағыт­тағы бірлестіктер арасындағы өзара түсіністікті, төзімділікті нығайту, діни ахуалды, жеке діни бірлестіктер мен миссионерлердің қызметін талдау, олардың мемлекетпен өзара байланыстарын жүйелі түрде реттеу, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыру басқарманың басты міндеттерінің бірі.
Алматы облысы халқының саны мен этностық құрамы жағынан республикамыздағы алдыңғы орындарда келеді. Халықтың көпэтносты болуы азаматтардың әртүрлі дінге сену бағытындағы әрекеттері назар аударарлық дәрежеде болуы – заңдылық. Сондықтан да, облыс көлемінде діни ахуалға тұрақты мониторинг жасалып, қажет болған жағдайда ықпалды шараларды атқару күн тәртібінде тұр.
Сонымен қатар, діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жыл­дарға арналған мемле­кет­тік бағдарламаны іске асыру мақсатында тегеурінді жұмыс­тар атқарылуда.
Қазіргі кезде облыс аумағында 586 діни бірлестік пен филиал және 20 миссионер тіркеліп, жұмыстарын атқаруда. Оның ішінде 430 мешіт, 48 православ және 11 рим-католик шіркеуі, 95 протестанттық және 2 дәстүрлі емес діни бірлестік тіркелген. Дегенмен, діни бірлестіктер саны жылдан-жылға көбейе түсуде. 2015-2016 жылдар ара­лы­ғында облыста жаңадан 28 діни бірлестік мемлекеттік тіркеуден  өткен.
Облыстағы конфессияаралық келісімді нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің ал­дын алу, дәстүрлі ислам құн­­ды­лықтарын насихат­тау мен тұр­ғындардың діни са­уат­­­ты­лығын арттыру мақсатында құрамында 397 мүшесі бар бір облыстық, үш қалалық, 16 аудандық 20 ақ­параттық-түсіндіру топтары жаңартылып жұмыс істеуде. Оның құрамына 130 мемлекеттік және 38 құқық қорғау органы қызметкері, өзіндік қоғамдық пікірі қалыптасқан 22 беделді азамат, 10 денсаулық сақтау және төтенше жағдайлар мекемеснің өкілі, 15 Қазақстан халқы Ассамблеясының және этномәдени орталығының мү­ше­сі, 84 имам және басқа да діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, мәдениет, өнер және спорт саласының, 16 жастар ұйымы мен 23 бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі, 7 дінтанушы, исламтанушы, теолог маман, 9 партия жетекшісі мен мәслихат депутаты, 28 мектеп, колледж директорлары мен мұғалімдері тартылған.
Олардың қатысуымен жыл басынан бері  48 «дөңгелек үстел» отырысы, 55 семинар, 56 дәріс, 299 кездесу, 9 конференция, 51 тәрбие сағаты, 8 пікірталас, 3 акция, 130 кездесу, 2 сауалнама жүргізу, 156 сұқбат, 1 ашық есік күні, 1 ток-шоу, 1 OPENAIR жалпы 820 іс-шара өткізіліп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты.
Жер жәннаты – Жетісу жүзден астам этнос өкілдерінің ұлық мекені болса, облыс аумағындағы жекелеген аудандарда бұл жағдай оңды шешілген. Мә­селен, Еңбекшіқазақ, Талғар, Іле, Панфилов, Қарасай, Жамбыл аудандарында ондаған ұлт өкілдері тұрса, Ұйғыр ауданында негізінен қазақтар мен ұйғырлар шоғырланған. Мұның өзі осы аймақтардың діни ахуалына тұрақты түрде бақылау жасап, туындауы мүмкін қолайсыз жағдайдың алдын алу шараларын барынша әрі пәрменді түрде жүргізуді қажет етеді.
Мәселен, үстіміздегі жылғы 15-ақпан мен 15-наурыз ара­лығында Панфилов ауданында ақпараттық-түсіндіру тобы­ның көшпелі кеңейтілген оты­ры­сы өткізіліп, оның шең­берінде нақты шаралар жасалды. Ақ­параттық-насихат топ­­­тары мү­­­шелері, Ризабек Бат­­тал­ұлы, Алау Әділбаев, Шәм­шат Әділбаева, Жасұлан Жүсіп­беков, Бағдат Бейсенов сияқты белгілі теологтар, мемлекеттік қызметкерлер, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, дін істері басқармасының дінтанушылары мен теологтары, жалпы 98 маманның қатысуымен 65 іс-шара ұйымдастырылды. Онда 10 мыңнан астам адам насихат жұмыстарымен қамтылды. Бұл аудан халқының 9,2 пайызын құрайды. Алдағы уақытта Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарында осындай ықпалды шараларды өткізу жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың I тоқ­санында басқарма тарапынан Дін істері комитетіне терроризм және діни экстремизм идеяларын уағыздайтын 150 желі дінтану сараптамасына жолданды. Қазір оның бағыттары зерттелуде. Деструктивті діни ағым жақтаушыларымен жеке оңалту жұмыстары жүргізіліп, дәстүрлі емес «Сәләфизм» діни ағымының және «Таблиғи жамағат» діни-экстремистік ұйы­мы­ның жақтаушыларының діни көзқарастары дәстүрлі исламға бет бұруда.
Сонымен бірге, жаңа «OPENAIR» форматына сәй­кес Талдықорған қаласында «Жал­ған діни ұйымдарға кіріп кетпеудің амалдары» тақы­рыбында «Көк базар», «Шаған», «Евразия», «Қарағаш» сауда үйлері мен автовокзалдарда сатушыларға, жолаушылар мен такси жүргізушілері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бүк­теме парақшалары мен дін тақы­рыбындағы кітапшалар таратылды. Халықты толған­дырып жүрген сұрақтарға дінтанушы мамандар толық әрі нақты жауап берді. Шараға 500 адам қатысты.
Дін – рухани құндылықтың бірі. Дегенмен, оны әркім өзінше түсініп, өзінше шешім қабылдап, дәстүрлі емес діндердің шоғырына қосылып кететін  жағдайлар жиі кез­десіп  тұрады. «Неге дінге бой ұрасың?» деп, ешкім айта алмайды. Өйткені, дінге сену, сенбеу, немесе қабылдап, қабылдамау әр азаматтың өз еркі. Алайда, оның дұрыс шешім қабылдауы үшін дінтанушы-теологтардың көмегі қажет-ақ. Сондықтан да, қазір басқарма қызметкерлерінің діни сауат­тылығы мен біліктілігін арт­тыру, діни әдебиеттердің бірыңғай жүйесін қалыптастыру мақсатында бірқатар шаралар жасалды. Мәселен, басқарма жанында «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, кітапхана жұмыс істейді. Онда діни әдебиеттер шығаратын баспаханалардың әдебиеттері жайғастырылып, интернет-кітапхана жасақ­талды. Кітапхана қорында тәр­биелік мазмұндағы 705 әдеби және 291 діни әдебиеттер, 153 терминдік және тілдік сөздіктер, 98 құқықтық актілер жинағы, әртүрлі бағыттағы 163 кітапша жинақталған.
Сондай-ақ діни экстремизмнің алдын алу, конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету бағы­тындағы әр тақырыптарда 20 бейнеролик пен бейнефильм тұрғындар назарына ұсынылып, 1100-ден астам рет облыс бойынша ресми әлеуметтік желілерге қойылды. Облыстық жастар басқармасының қызмет көрсету орталығында жастарға көмек көрсету мақсатында психологиялық-коррекциялық кабинеті ашылып, қызмет көрсетуде.
Облыстың дін саласындағы басым бағыттарына ақпараттық қолдау көрсету  және облыс тұрғандарының діни сауатын көтеріп, экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында теологтардан, дін­танушылардан, ғылыми-са­рап­­тамалық қоғамдастық өкіл­дерінен құралған спикерлер мен журналистер пулы қызмет жасауда. Діннің қоғамдағы ролі, оның адамның рухани кемелденуіне тигізер игі әсері, жалпы халықтың дәстүрлі діндер жөніндегі оң көзқарасын қалыптастыру, тұрғындар ара­сында діни қоғамдық-саяси ахуалды жақсартудағы орнын ай­қын түсіндіру және бұқа­ралық ақпарат құ­рал­дарында  дін тақырыбы бағы­тындағы насихаттық жұмысты жандандырудағы жур­налис­тердің белсенділігін арттыру мақсатында «Дін тағдыры – ел тағдыры» байқауы өткізіліп келеді. 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында 1244 мақала жарияланды.
Кез келген саланы оның нағыз мамандары атқаруы керек. Осыған орай, 2016 жылы облыс­тағы діни ахуалдың тұрақ­тылығы, бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді насихаттау мақсатында «Нұр-Мү­барак» Египет ислам мәдениеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық, Шет тілдер және іскерлік карьера университеттері мен басқарма арасында өзара бірлескен ынтымақтастық мемо­рандумға қол қойылды. Биыл І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған әскери гарнизоны, Жастар саясаты мәселелері басқармасымен осындай жұ­мыс­тарды жүргізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, қалалық «Нұр Отан» партиясы ғимаратында деструктивті діни ағымдар әсерінен жапа шеккендерге алғашқы психологиялық көмек көрсету және фокус топтармен жұмыс жасау, семинар-треннингтер жүргізуге арналған арнайы бөлме және Фото- видеостудия, көмекші құрал ретінде жеке материалдарды жедел үлестіруші шағын баспахана ашу жоспарлануда.
Алматы облысындағы діни ахуал тұрақты. Толеранттылық, конфессияаралық келісім мен этносаралық татулық орнаған. Осы уақытқа дейін өткізілген іс-шаралар оң нәтиже беріп, тұр­ғындардың ақпараттық-таным­дық деңгейлерін арт­тыруға игі ықпал етіп отырғандығын байқатады.
Дана халқымызда: «Дін – ұстай білсең қасиетің, ұстай білмесең қасіретің», деген сөз бар. Сондықтан, қасиетіміз қасіретке айналмауына дер кезінде тосқауыл қойып, белгіленген үлкен іс-шараларды уақытылы бірлесе атқаруымыз қажет.

Рахмет ЕСДӘУЛЕТОВ,
облыстық дін істері
басқармасының басшысы.

Алматы облысы

Жауап қалдыру