Әділбай ТАЛҚАНБАЕВ

0
91

Үстіміздегі жылғы 8 наурызда ел мен жердің айрық­ша жанашыры, Еңбекшіқазақ ауданының құрмет­ті азаматы Әділбай Айнабекұлы Талқанбаев 73-ке қараған шағында пәни дүниеден бақи дүниеге озды. Оның бүкіл ғұмыры осы Еңбекшіқазақ ауданымен біте қайнасып өтті.
Әділбай Талқанбаев 1946 жылы 5 қаңтарда туған. Еңбек жолын 1965 жылы орта мектепті бітірген соң «Еңбек» ұжым­ша­рында шопанның кө­мек­­шісі болып бастады. Қа­ламының желі бар жас та­лап аудандық, об­лыс­тық, республикалық ба­сы­­лымдарға тобықтан қақ­қан әлеуметтік мәселе­лер жөнінде мақалалар жазып тұратын. 1970 жы­лы Қазақ Ұлттық Уни­вер­сите­тінің жур­налистика факультетін бітірді. Аудан­дық «Еңбек жа­лыны» газетіне тілші, жауапты хатшы, ре­дак­­тордың орынбасары бо­лып еңбек етті. Ойы да, бойы да биік азамат 1973 жылы Еңбекшіқазақ ау­дан­дық атқару комитетіне нұс­қау­шылық қызметке ауыс­­тырылды.
Әділбай Талқанбаев өмір жолында бірнеше жыл ау­дандық мәдениет бөлі­мін, аудандық білім бө­лімін басқарды. 1982-1992 жыл­дары Еңбекші­қазақ ау­дан­­дық атқару ко­митеті тө­рағасы­ның ор­ын­­басары болып он жыл қызмет атқар­­ды. 1994 жылдан бері үзбей ау­дандық мәсли­хаттың депу­таты болып келді. Жиыр­ма жыл­дан астам уақыт ол Еңбек­ші­қазақ ау­дандық мәсли­хатының хатшысы ретінде аудан өмі­рінің бар сала­сына үлкен қайрат­керлікпен ат­салыс­ты.
Әділбай Талқанбаев не­­гізгі жұмысымен қоса ау­дандық «Қазақ тілі» қоға­мын басқарды. Бұрын Есікті қаласында Молотов атын­­­дағы бір ғана қазақ мек­­теп-интернаты болса, тәуел­сіздіктің алғашқы жыл­­­дарында қазақ мектеп­тері­нің са­ны онға жетті. Есікті қа­ла­­сында негізгі көше­лер мен мектептердің, бірқатар елді мекендердің атауын өзгертуге белсене атсалысты. Аудандағы ком­­­му­нистік көсем бейне­лерінің орнында Жамбыл Жабаев, Мұхтар Әуезов сияқты қазақтың төл тұл­ға­ларының бейнесі ас­қақтады. Әділбай Айна­бек­­ұлы өз қаржысына Есікті қаласында Қазақ мем­лекеттілігінің бас­тауын­­да тұрған Керей мен Жәнібек хан­дарға мемориалдық барьелеф орнатқаны да аудан жұртшылығының есінде. 2013 жылы аудан жө­­нінде «Тарихы терең, та­биғаты ерен, таулы өл­кем» атты кітап шығарды.
Әділбай Талқанбаев өзі­­нің ашық мінезімен, ты­ным­сыз қайраткерлігімен жұрт­шылық құрметіне бө­лен­ген жан еді. Жұбайы Ай­ша Рақышқызы екеуі үш ұл, оншақты немере сүйді.
Әділбай Талқанбаев он­­даған медальдардың ие­гері. Еңбекшіқазақ ау­да­­ны­ның жыл адамы деп танылған. «Жомарт Жү­рек» төсбелгісінің ие­гері бо­ла­тын. Марқұм­ның жат­қан жері жарық, то­пыра­ғы тор­қа, иманы саламат болсын!

«Prezident & Halyq»
газетінің ұжымы.

Жауап қалдыру