Дидахмет ӘШІМХАН

0
30

Халқымыздың көркемсөз әлемі тағы бір дарынды қа­лам­герінен айырылды. Белгілі жазушы, қаламгер, Қа­зақ­стан Республикасының ең­бек сіңірген қайраткері, Ха­лық­ара­лық «Алаш» әдеби сый­лы­ғы­ның иегері Дидахмет Әшім­хан 65 жасына 20 күн қал­ған шағында пәни дүниеден ба­қи дүниеге озды. Қадірлі қалам­гер­ді 24-мамыр күні Алаш жұр­ты Қа­зақ­стан Жазушылар ода­ғы­ның ғимаратында соңғы сапарына шығарып салды.
Дидахмет Әшімхан 1950 жы­лы 16-маусымда Шы­ғыс Қа­зақ­стан облысы, Қатон­қа­ра­­ғай ауданы, Жаңа­үлгі ауылында ту­ған. 1978 жылы Қазақ мемле­кет­тік университетінің журналис­тика факультетін бітірген.
Ең­бек жолын 1975 жы­лы Шы­ғыс Қазақстан облыс­тық «Ком­му­низм туы» газе­тін­де бастады. Бұ­дан кейін «Ленин­шіл жас» (1978) газе­тін­де тілші болды. «Қа­зақ­стан пио­не­рі» (қазіргі «Ұлан»), 1981–1992 жж. «Қазақ әде­бие­ті» газеттерінде әдебиет, сын бөлімін басқарды. 1992–1994 жылдары ха­лық­ара­лық «ZAMAN-Қазақстан» га­зе­ті­нің бөлім меңгерушісі жә­не бас редактордың орынбасары болды. 1994 жылдан ел­ара­лық «Түр­кі­стан» газеті ре­дак­то­ры­ның орынбасары қызме­тін ат­қар­ды. 2003 жылдан баспагер­лік­пен айналысып, «Алаш» бас­па­сы­ның директоры болды.
Дидахмет Әшімхан қа­ла­мы­нан «Ақ­қа­ба­ның толқы­ны» (1981), «Он бірінші күз» (1987), «Ка­мен­ная падь» (1990), «Жер аң­са­ған сары атан» (1998), «Самырсын са­зы» (2000) атты әңгімелер мен по­вестер жи­нақ­тары жа­рық көр­ді. Жеке шы­ғар­ма­ла­ры өз­бек, қырғыз, қытай, моң­ғол, орыс, украин, мари тіл­де­рі­не аударылған. Сондай-ақ Д. Лондон, А. Курчаткин, Т. Минулмен, А. Аширов, Х. Абдуллин, П.Пурзверу, т. б. шығармаларын қазақ ті­лі­не аударды. 2005 жылы Ха­лық­ара­лық «Алаш» әдеби сый­лы­ғы­ның лауреаты атанды.
Абзал азамат, жас қа­лам­гер­лер­дің білікті ұстазы, үл­кен парасат иесі Дидахмет Әшім­хан­ның жарқын бейнесі оны білетіндердің жадынан еш­қа­шан ұмытылмақ емес.
«Президент және Халық»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру