Бекболат Әдетов

0
75

Үстіміздегі жылғы 13 көкекте Қазақстанның Құрметті журналисі, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, қарымды қаламгер Бекболат Әдетов дүниеден озды.
Бекболат Әдетов ҚазМУ-дiң журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінен бастап, Торғай облыстық «Торғай таңы» (қазіргі Қостанай облысы), республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Еге­мен Қазақстан») газеттерінде қызмет атқарып, қазақ журналистикасында өзіндік қол­­таңбасын қалдырды. Сон­­дай-ақ республикалық «Ауыл», «Дәуір» – «Время» ба­сы­­лым­дарының бас­та­уын­да тұрып, газетті ұйымдас­ты­руда­ғы ерекше шеберлігін көр­сетті. «Басқару мектебі», «Школа управление», «КазМБА жар­шысы» – «Вестник КазГАУ» ба­сылымдарына жетекшілік етті.
Бекболат Әдетов – журналистік қолтаңбасынан бас­қа, «Бәйшешек», «Алтынай», «Жердегі жұлдыздар», «Ің­кәр көңіл» атты көркем шығар­малардан тұратын төрт туын­дының авторы, 8 романды қазақ тілінде сөйлеткен шебер аудармашы болатын.
Марқұмның иманы жолдас, жаны жәннатта болсын!

«Prezident & Halyq»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру