Ғазизбек Тәшімбай

0
165

Үстіміздегі жылғы 23 мамырда белгілі қаламгер, жазушы, Қазақстанның құрметті журналисі, жуырда 80 жасын атап өткен Ғазизбек Тәшімбай дүние­ден өтті.
Ол 1938 жылы 10 сәуірде Жамбыл облысының Талас ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітірген. 1964-1984 жылдары – Республикалық «Спорт» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан» баспасының редакторы, аға редакторы, редакция меңгерушісі. Ғылыми-техникалық әде­биеттер бас редакциясы бас редакторының орынбасары, 1985-1996 жылдары – Қазақстан Телеграф агенттігінің редакция меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының консультанты, Үкімет аппаратының сектор меңгерушісі. 1996-2001 жылдары Қазақстан Респуб­ликасы Ұлттық банкінің аударма бөлімін басқарған.
Зейнеткерлікке шық­қан­нан кейін «Қазақ­стан» Ұлттық энциклопедиясы Ғылыми және әдеби ба­қылау редакциясының мең­­герушісі болып істеген. «Оңтүстік Қазақстан» энцик­лопедиясын шыға­рушы топқа жетекшілік етіп, басылымның жа­уап­ты редакторы бол­ған. Алматы қаласы әкім­дігі Тілдерді дамыту бас­қармасының «ТІЛ» оқу-әдістемелік орта­лы­ғын­да бас маман, Қазақстан Рес­­пуб­ликасының Ұлттық кітапханасында Баспа және редакциялау бөлімінің бас­тығы қызметін атқарған.
Жазушының «Топ­жар­ған­дар», Қ.Мұңайт­пасұлы туралы «Күш атасы», «Қазақтың Қажымұқаны» атты есте­лік­тер жинағы, «Құм арасында», «Қос терек», «Қыз­ғалдақ қалың шыққан жыл» атты әңгімелер жи­нақ­тары жарық көрген. Көркем аударма саласында да табанды еңбек еткен.
Марқұмның иманы саламат болсын!
«Prezident & Halyq» газетінің ұжымы

Жауап қалдыру