Алдаберген МЫРЗАБЕКОВ

0
164

Қазақстанның халық әртісі, көр­некті дирижер, профессор, қа­зақ күйлерін оркестрге лайық­та­ған Алдаберген Мырзабеков 88 жас­қа қараған шағында дүниеден өт­ті.
Алдаберген Қайырбекұлы 1930 жылы 14 қарашада Қа­ра­ған­ды облысы Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында дүниеге кел­ген.
1955 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының ха­лық аспаптар факултетін бітір­ген. 1956 жылы Құрманғазы атын­­дағы Қазақтың Мемлекеттік халық ас­пап­тар оркестріне дирижер­лік қыз­­метке таға­йын­далып, 1968-1971 жылы оркестрдің бас дири­­жері әрі көр­кемдік жетекшісі бол­ған. Сон­дай-ақ, 1971-1988 жыл­дар ара­лы­ғында ди­рижер болып ең­бек етті.
1962 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында қазақ музы­­калық драма театрының көр­­кем­­дік же­тек­шісі және бас ди­ри­­жері мін­детін атқарып, қа­­зақ ұлт аспап­тар оркестрін ашуға, ұжым­­ның орындау­шы­лық, кәсіби деңгейін көтеруге де атсалысқан. Оның оркестрге арнап түсір­ген Тәттімбеттің, Сүгірдің, Әшім­тай­дың шертпе күй­лері, Ықыластың қобыз күйлері, тағы басқа халық ком­по­зи­торларының ән-күйлері, орыс және шет ел классиктері­­нің туындылары бар. Моңғолия­ның Баян Өлгей аймағында қазақ музыкалық драма театрын­да қойылған «Тұлбанор шай­қасы» спектакліне музыка жаз­ды.
Мәдениет қайраткерінің өзінің де күйлері, күрделі увертюра, поэ­ма жанрында жазылған төл туын­дылары көптеп саналады. Мыр­забековтің «Қоңырқаз», «Кө­кейкесті», «Жігер» сияқты оркестрге арналған партитура, таң­дамалы жинақтары жарық көрген. Марқұмның жаны жән­наттық болғай.

«Президент және Халық»
газетінің ұжымы

Жауап қалдыру